Сабақ жоспары: Теориялық бөлім


Өз бетінше есептер шығару



бет9/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Практ. ТОТОВ

Өз бетінше есептер шығару

1. Құрамында 25% қоспасы бар массасы 500 кг кальций карбидінен ацетиленнің қандай көлемін (қ.ж.) алуға болатынын есептеңіздер.


2. Массасы 52 г ацетиленмен толық әрекеттесуге бромның қандай массасы қажет?
3. Көлемі 11,2 л (қ.ж.) ацетиленді толық жағу үшін ауаның қандай көлемі қажет болатынын есептеңіздер. Ауа құрамында 20% оттек бар деп алыңыздар.
4. Массасы 14,5 г көмірсутекті жаққанда, 44 г көміртек диоксиді және 22,5 г су түзілді. Қосылыстың сутек бойынша тығыздығы 29. Көмірсутектің формуласын табыңыздар.
5. Көлемі 11,2 л (қ.ж.) газ тәрізді көмірсутекті жаққанда, 33,6 л көмірқышқыл газы мен 18 г су түзілді. Көмірсутектің молекулалық формуласын есептеп табыңыздар.
6. Массасы 101 г хлорметан алу үшін метанның қандай массасы мен көлемі қажет болатындығын есептеңіздер.
7. Көлемі 100 л (қ.ж.) табиғи газдан ацетилен алынды. Табиғи газдағы метанның көлемдік үлесі 96%. Алынған ацетиленнің көлемі қандай?
8. Құрамында көлемі бойынша: 94% СН4, 2% С2Н6, 2% С3Н8, 1% С4Н10, 0,5% N2 және 0,5% СО2 бар, 3 м3 табиғи газды жағуға ауаның қандай көлемі жұмсалады? (Ауадағы оттектің көлемдік үлесі 0,2).
9. Теория жүзіндегі шығымға қарағанда іс жүзіндегісі 30% болған мөлшері 0,6 моль ацетиленді алу үшін, егер табиғи газдағы метанның мөлшері 90% болса, қанша көлем (қ.ж.) табиғи газ жұмсалған?
10. Автомобиль 100 км жол жүргенде 20 м3 пропан газын жағады. Автомобиль 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж.) көмірқышқыл газын шығарады? Мұндай жағдайда қанша көлем ауа (қ.ж.) жұмсалады?


Практикалық сабақ №8,9

Тақырыбы: Мұнай, газ және көмірді өңдеу өнімдерінің термототығу және каталитикалық процестері




Сабақ жоспары.

  1. Теориялық бөлімі

  2. Есептер мысалы

  3. Өз бетінше есептер шығару

1.Жоғары температураның әсерімен мұнайды өңдеуді термиялық өңдеу процестері деп атайды. Оған күрделі көмірсутектерді жоғары температура әсерімен қарапайым көмірсутектерге ыдырату (термиялық крекинг), ауыр мұнай қалдықтарын кокстеу (қортқылау), құрамында қанықпаған көмірсутектер көп болып келетін газдар қоспасын алу үшін жүргізілетін пиролиз процестері жатады.


Көмірсутектердің термиялық ыдырауы 380-4000С-да басталады. Күрделі реакциялардың –термиялық полимерлену мен конденсациялану– нәтижесінде қанықпаған және ароматты көмірсутектерден шикі мұнайдың құрамына кірмейтін заттар–көмірсутекті газдары, сұйық мұнай өнімдерінің қосымша мөлшері, сонымен бірге мұнай коксы (қатты көмірсутек қалдығы) түзіледі. Мұнай шикізатын термиялық өңдеу жүйелері шарттарға және тағайындалуына байланысты крекинг, кокстеу және пиролиз аталымдарын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет