Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім


Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» зерттеу еңбегінен үзінді



бет49/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

9341 Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» зерттеу еңбегінен үзінді
18 сәуірде біз Семейден Аягөзге бет алдық. Казак бекеттері арқылы өтетін жол (олар станция қызметін де атқарады) сусыз сортаң далада жатыр. Біз мұнда бірінші рет көк шөп көрдік. Біз шыққан күні жылы болды, бозторғайлар өздерінің әдеттегі әніне салуда. Сулы шалғындарда бізге әртүрлі үйректер кездесті, әсіресе, Каспий теңізінде болатын тұрпан немесе атайка деп аталатын түрі жиі кездесті: олар тұзды суды жақсы көреді және осындай шөл далаларда ұшырасады, көбіне топталып емес, жеке - ұрғашысы мен еркегі болып жүргенді жақсы көреді. Өсімдіктерден тек қарапайым мал жейтін шөптер: жабайы аскөк пен бақбақ ғана көрінеді. Біршама жетіліп өскен тобылғы мен қараған көп болды, бірақ жаңа жапырақ жайып келеді.
Аягөз жолындағы бекеттердің барлығында құдық суын ішеді: Аягөзге дейін олардың саны алтау.
20 сы күні түнде мен Аягөзге келдім. Аягөз - шағын станица, наймандарды басқаратын округтік приказ да сонда орналасқан. Оның негізі 1824 жылы2 қаланған. Қазақ даласындағы барлық станицалардың ішінде Аягөз көзге ең қорашы сияқты, дегенмен, Көкпекті одан асып тұрған жоқ деседі. Бірнеше ағаш үйлері бар шағын бекініс, фортштадт, татарлар тұратын бөлікте орналасқан мешіт және жеркепелер. Жаңа ереже бойынша, Семей облысы құрылғаннан бері, ол қала деп аталады және бірнеше шалақазақ оның азаматтары. Шалақазақтар3 - яғни, жартылай қазақтар деп Орта Азиядан шығып, орыс бодандығына өткен және қазақ болыстарына қазақтармен бірдей құқықта жазылған адамдарды атайды. Олар даланың шығыс округтерінде өте көп: Аягөз, Көкпекті және Ұлы жүзде. Бұл атау біздің сапарнамада жиі кездесетін болар, сондықтан біраз шегініс жасасақ, кешірім өтінеміз.
Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағлауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.
Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін4 өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.
Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.
... Нашар түн болды, сондықтан жүру де қиындады. Жаңбыр ойлаған жоспарымызды бұзбасын деген күдік, алаңдаумен жәмшікке бірнеше рет: «қалай, аспан ашылмады ма?» деп сауал тастадым. Суық сүйегіне дейін өткен делбеші «Жоқ!» деп күңкілдей жауап берді де, тағдырға назаланғандай «Не боп кетті, брр...» деп тізесіне жиналған суды төкті. Менің оған жаным ашыды, тезірек жүрсек, ол баяғыда жылы пешке қыздырынып отырар еді. Баян сұлудың естелігін көрмей кету де обал.
Осылайша біз бір сағат жүрдік.
- Мәртебеңізге құлдық, - деді жәмшік, - міне мола!
Мен басымды шығардым. Күннің көзі түнерген бұлттардан шығып келеді, аспанды сұр бұлт басқан, бұрынғысынша жаңбыр жауып тұр, көбіктенген аттар батпақты сортаң жермен әзер жүріп келеді, өзеннің сол*4 жағында тобылғылардың арасынан моланың үшкір басы көрінді: ол қызыл кірпіштен қаланған болып көрінді. Мұндай ауа райында шай ішіп, қазақтардың ескерткішін тамашалау туралы ойлаудың өзі артық еді.
- Шамасы, өзен де арнасынан шығайын деп тұр, жоғары мәртебелім, - деді жәмшік менің ойымды оқып қойғандай.
- Олай болса, жүре бер, қайтар жолда қарармыз, - дедім мен, сосын тонға оранып, ұйықтап алайын деп көзімді жұмдым.
Өзағаш бекетінде шай іштім. Өзеннің солтүстік жағалауы жайылған лай су мен сортаң басқан дала. Аягөздің жағалауын бойлаған жолмен өзеннің арнасынан шығуы себепті жүру мүмкін болмады. Біз айналып жүрдік. Алдымызда тегіс сортаңды батпақ дала жатты. Шидің ақселеу бастары шоқтанып өсіп тұр, тіптен көп. Әр жерде қарайып шеңгел, баялыш, көкпек, бүрген өсіп тұр. Осылайша біз 25 шақырымдай жүрдік. Ақыры Арғанаты жотасына шықтық. Мұнда өсімдіктер табиғаты өзгеріп сала берді. Тығыз топырақты жота беткейі жабайы аскөк пен казактар жабайы шомыр деп те атайтын өсімдікке ұқсас шөпке бөленген. Осы таудың ортасында атауын содан алған бекет тұр. Бекеттің артында сәбізшөп пен жабайы сарғалдақ өседі. Лепсіге қарай жотаның баурайында жабайы шомыр мен тобылғы, ал ары қарай жазық далада рауғаш, сарымсақ, жусан мен көкпек қаулап тұр. Рауғаштың көптігі соншалық, тұтас дала қып-қызыл түске боялған. (Станцияға жақын) көтеріңкі тұста тобылғы, ұсақ қараған мен сарғалдақ кездесті. Аягөзден Арғанатыға дейін, одан ары Лепсіге қарай жайылымдық шөп мүлдем кездеспеді. Бұл жерлерде көшпенділер өмір сүріп, қонбаған, оны көшпенділерден [қалған] бірден-бір ескерткіш - моланың жоғынан байқауға болады6, Аягөз бен Лепсі және басқа да өзендер бойында көп кездесетін зираттардың молдығы олардың*5малға жайлы екенін дәлелдейді.
Қозы Көрпеш Баян сұлу моласындағы балбал тастар. Ш. Уәлихановтың қауырсынмен салған суреті, 1856 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет