Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;
- масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;
- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;
- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;
- картамен/жоспармен/сызбамен жұмыс барысында масштабты қолданады;
Бөлім бойынша лексика және терминология
- пропорция;
- пропорцияның негізгі қасиеті;
- пропорцияның шеткі мүшелері;
- пропорцияның ортаңғы мүшелері;
- пропорцияның белгісіз мүшесі;
- масштаб;
- Жер бетіндегі арақашықтық;
- картадағы /сызбадағы/ жоспардағы арақашықтық;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;
- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;
- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;
- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;
- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;
|
Құндылықтарды дарыту
|
Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
|
Пәнаралықбайланыстар
|
Өмірмен байланысты есептер
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар рационал сан ұғымдарын біледі; пропорцияның белгісіз мүшелерін таба алады,бір өлшемдерді екінші өлшемге айналдырады.
|
|