ІІІ. Жаңа сабақты бекіту: 1.Оқулықпен жұмыс. 9-жаттығу (ауызша)
1. Күзге қараған кез. Күндіз жылы, түнде салқындау. Ай жарық. 2. Бар. Жоқ. Жақсы. Пау шіркін! Аман-есенсіз? Ой,жігіттер! Немене? Бұлар сөйлемге жата ма, жатпай ма? Себебін атаңдар.
10-жаттығу.
1. Жаттығуды көшіріп жазыңдар.
2. Осы мәтінде неше сөйлем бар? Әрқайсысы қанша сөзден тұрады? Қанша сөз тіркесінен тұрады?
Жақсы жатырқамайды. Жаңылғанда жаза жоқ. Көпке ұнамақ қиын. Аңқау аңдамайды, әңгүдік тыңдамайды. Адам сөзінен жазар, сиыр мүйізінен жазар. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. Жаман еркек той бұзар, жаман әйел үй бұзар. 11-жаттығу.
1. Мәтінде қажетті сөзі жасырынып тұрған сөйлемдер бар. Соларды орнына қойып көшіріңдер.
2. Сөйлемдер сөздердің тіркесінен тұрады дегенді дәлелдеңдер.
Түрлі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қазақ жерінен ежелгі адамдардың тұрақ мекені болған төрт орын табылып отыр: 1. Оңтүстік-батыс аймақта-Маңғыстау түбегі мен Үстірт жотасы; 2. Оңтүстік аймақта – қарт Қаратау жотасы; 3.Солтүстік аймақта-ұсақ таулы Көкшетау жері; 4. Солтүстік-шығыс аймақта-қазіргі Қатон-Қарағай ауданына қарайтын Нарын-Бұқтырма қолтықтары. ( Қ.Қамбар) 12-жаттығу (ауызша)
1. Мәтіндегі сөйлемдердің бастауыш-баяндауыштық құрылымын табыңдар. Осы құрылымның санына қарай сөйлемдердің жай немесе құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.
2. Жер атауларын анықтап, оларды Қазақстан картасынан табыңдар.
Маңғыстау түбегі мен Үстірт жотасына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары 1980-1990 жылдар аралығында басталғанымен, көп өтпей-ақ қарт Каспийдің қойнауы толған қазына екені анықталды. Қазақстандық археолог ғалымдардың пайымдауынша, бұдан 100 мың жыл бұрын Маңғыстау түбегін ең ежелгі адамдар қоныстана бастаған. Әсіресе, ежелгі адамдардың тұрмысында қолданылған әр түрлі шақпақ тастан жасалған еңбек құралдары, баспана, от орындары табылған Шақшақ ата қонысы ерекше назар аударуға тұрады. …Ақтау қаласына жақын Қосқұдық қонысынан б.з.д. VІ-Vмың жыл бұрын қалыптасқан жаңа тас дәуіріндегі мәдениет ошағы, ең бастысы, бұдан 7 мың жыл бұрын табылған адам мәйіті табылды.. Демек, кең жазық қазақ жерін мекендеген ең ежелгі адам Маңғыстау жерінен табылып отыр.