Сабаќ жоспары



бет12/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
15-жаттығу
1. Мәтіндегі әрбір сөйлемнің айтылу мақсатына көңіл бөліңдер.
2. Асан қайғының әрбір сөйлеуіндегі берілген ойларды өз сөздеріңмен айтыңдар.
3. Мәтіннің қандай тәсілмен жазылғанын анықтаңдар: автор сөзі баяндауға жата ма, әңгімелеуге жата ма?
4. Асан қайғының сөзі (төл сөз) сипаттауға жата ма, хабарлауға жата ма?


Асан қайғының жерге айтқан сындары
Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен.
Ұзын аққан Ертісті көргенде: Мына шіркіннің баласы «тойдым» деп қарап отырмас, «қарным ашты» деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың, құлағы шығып тұрған жер екен,- депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік! Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,-деп, тастап кетуге қимай ,артына үш қараған екен. Сонан «Үш қара» аталған екен таудың аты.
Қызылтауға келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,-депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір күн түнеп кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,-депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма, күзге таман бір жұма ащылайды екен.Сонысы бір жылға татиды екен,»-депті.
Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен.
Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бөгетін жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының өрісі екен»,-депті.
Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап еш нәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?»-дегенде, аз тұрып: «Өлеңнің суы-мал, Шідертінің шөбі- май», - деп жүре беріпті…
Асан қайғы: «Бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көремін, бұларға жағдай туғызамын», -деп, көп заман өмірін далада өткізіпті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет