Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
5-жаттығудың орындалуын тексеру.
ІІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Оқулықпен жұмыс.
6-жаттығу.
Тапсырмаларды топ-топқа бөлініп орындаңдар.
1. Мәтіндегі толық мағыналы сөздерді топтарына топтап, қай сөз тобының көбірек қолданылғандығын анықтаңдар.
2. Ең көп қолданылған сөз таптарын мағыналық топтарға бөліңдер. Ол сөздердің қазіргі кездегі қолданысына түсінік беріңдер және құрамына қарай талдаңдар.
3. Үш мәтінге де ортақ лексиканы табыңдар.
4. Төмендегі мәтіннің жоғарыда берілген екі мәтінмен тақырыбы және идеясы жағынан қандай байланысы бар екенін анықтаңдар.
Ғұндардың ең көркем дүниесі-алтыннан, күмістен, қоладан, асыл тастан, гауһардан, ғақықтан әсемдеп жасаған сәулетті өнері. Ғұндардың ең сұлу дүниесінің бірі-алтынмен зерлеп жасаған әсем киімдер, әдемі өрнекпен кестелеген қамқа шапандар, алтынмен зерлеген биік телпектер. Мамық ішіктер, қымбат көркем тондар, ешкінің тақыр терісінен тіккен кафтандар, кестеленген шалбарлар, көмкерілген киіз байпақтар, жібек байпақтар, әдемі омыраушалар, тағы толып жатқан көп мол дүниелер. Бұлардың ең бай табылған жері-Алтай төңірегі. Кестелі әрі тақыр кілемнің көп шыққан жері-Қазақстан Алтайы-Қотанды, Шибә.
Ғұндардың тағы бір көркем дүниесі- әйелдерді көркейтетін алтын, күмістер, гауһар, ғақық тастан әшекейлеп жасаған алтын алқалар, жаудыратып төгілтетін ғажайып сырғалар.
ІV . Үй тапсырмасын беру.
7-жаттығу.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |