Сабаќ жоспары



бет11/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

ІV . Үй тапсырмасын беру.
1. Сөйлем туралы түсінік.
2. 13,14-жаттығуларды орындау.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІ. Сабақтың аяқталуы:

Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ тілі.

  2. Сыныбы: 8

  3. Күні, айы, жылы:

  4. Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сөйлемнің түрлері туралы лингвистикалық білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлем туралы түсінік.
2. 13,14-жаттығуларды орындау.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Адам сөйлегенде, біреумен сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру үшін я одан бір нәрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сондықтан сөйлеу айналасындағы заттар, құбылыстар, адам өміріндегі әрекет, тіршілік, өндіріс туралы болады. Мысалы: Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басында ала тұлымшақтай болып өскен шоқ-шоқ ағаш. Осы бұйрат, адырлардың арасы-қолдан ойып алғандай кең алқап. Алқапты қақ жарып өзен ағады.
(Ғ.Мұст.)
Мұнда жазушы өзі көріп тұрған бұйрат, адыр, адырда өскен ағаш туралы, бұйрат, адырлардың арасындағы алқап, ондағы өзен туралы оқырманға білдіргісі келген.
Заттарды, жаратылыстағы, қоғам өміріндегі құбылыстарды, оқиғаларды, адам өміріндегі әрекет, тіршілікті білу, білдіру туралы айтылған сөйлемдер тобы сөйлеу болады. Сөйлеу бірнеше сөйлемдерден құралады: Әрі-беріден соң жел бәсеңдеп, жаңбыр шелектеп құя бастаған-ды. Тақтай суланып қалатын болды-ау, қап! Япырмай, бір сәтте-ақ қақ қылып кетті-ау жер бетін! Көресің бе, Бұршақбай? Па, шіркін, неткен күш! Шіркін, жазғы жаңбыр соңынан бұлттан шыққан күн қандай!
(Ғ.С.)
Бұл сөйлеуде бірнеше сөйлем бар. Олардың әрқайсысы айрықша дауыс ырғағымен (интонация) бөлініп айтылып, тиянақты жеке-жеке ойды білдіріп тұр. Жазушының әуелі хабарламасы, содан соң өкініші, таңданысы, сұрағы, соңында ризашылығы жеке-жеке сөйлемдер арқылы берілген.
Айтылу түрлеріне қарай, яғни айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер төрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті және бұйрықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет