Сабаќ жоспары


Оқушыларға лингвистикалық білім беру



бет26/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады.

    1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Астық – біздің байлығымыз.

    2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл – үлкен қуаныш.

    3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен, есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

    4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Қой бағу – қиын кәсіп.

    5. Бастауыш та, баяндауыш та зат есім болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Бес жерде бесім – жиырма бес.

    6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай-ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Жақсы – ісімен жақсы.

    7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, соңынан сызықша қойылады. Мысалы: Жүз жиырма – беске бөлінеді.

ІV .Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
40 – жаттығу
Тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызып көшіріңдер де, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндіріңдер.


1.Қарасай баба – біздің елдің аты ұранға айналған баһадүр батыры. 2. Біздің елдің киесі, пірі – қызыл шұбар жолбарыс. 3. Жамбылдың түнгі серігі – тәтті қиялы.
4. Ортаға салған ой – оңды істің байқауы. 5. Былтыр жолым түсіп Түркістан, Ташкентке дейін барып қайтқанымда, сондағы дүйім жұрттың сұрайтыны – Сүйінбай. 6. Көкпардың серті – сол. 7. Шақыршы әлгі Ниязды. Ол – біздің молда..
(Н. Қапалбекұлы.)
41 – жаттығу
Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар; егер бастауыштан кейін сызықша қоюға болмайтын болса, оның себебін түсіндіріңдер.


1. Село үлкен. 2. Бұл – Марқакөл ауданының орталығы. 3. Алтай жайылымдары биыл ерекше. 4. Мына жалпақ етек-толған қойлы ауыл. 5. Көл байлыққа кедей емес көрінеді. 6. Ең бағалысы – қызыл балық.
(Қ.Қамбар.)
44-жаттығу (ауызша)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет