Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері


Дәріс - 2 Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағын оқыту әдістері мен тәсілдері



бет2/26
Дата01.10.2022
өлшемі71.73 Kb.
#461748
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Саба конспектілері Д ріс-1 Бастауыш сыныптарда к ркем е бекті о (1)

Дәріс - 2
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағын оқыту әдістері мен тәсілдері
Мақсаты: Көркем еңбекті сабағын оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Жоспар:

  1. Оқытудың әдіс тәсілдері

  2. . Ауызша білім беру әдісі

  3. Практикалық іскерлік және дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдері



Әдіс деген сөз гректің «metodos» сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс – басты қойылған мақсат пен түпкі нәтижені сабақтастыратын процесінің негізі. Әдісті көбіне білім беру міндетін шешу, қойылған мақсатқа жету жолындағы шаралар жиынтығы ретінде де қарастырады.
Оқу – тәрбие жұмыстарында жетекші орында сөздік әдістер алады.
Олар мына түрлерге бөлінеді: әңгімелеу, түсіндіру, сөйлесу, нұсқау беру.
Әңгімелеу оқу материалы мазмұнын ауызша баяндаудан тұрады. Мақсатына байланысты әңгімелеудің бірнеше түрі бар: кіріспе-әңгіме, баяндау-әңгіме (суретші шығармашылығы туралы), қорытынды -әңгіме.


Әңгімеге қойылатын талаптар:

Түсіндіру – үйретілетін объектінің түпкі мәнін түсіндіріп, негізгі ұғымдары мен құбылыстарын талдау керек.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы алдын-ала даярланған сауалдар арқылы, оқушыға жаңа білімді меңгеруге ықпал етеді.
Әңгімелесу – кіріспе, хабарлау, эвристикалық, жеке, фронтальды болып бөлінеді.
Дискуссия – қойылған мәселеге орай пікірлесуге негізделеді.
Ауызша баяндау әдістері көрнекі құралдарды қолданумен үйлесімді түрде жүзеге асырылады (иллюстрациялар, дидактикалық материалдар, кинофильмдер т.б.)
Көркем еңбекті оқыту прцестерінде оқушылардың алған білімдері негізінде іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор.
Жаттығу әдісі – оқушылар игерілген материалдар негізінде (штриховка) жаттығып, көп рет қайталап, әрекеттер орындайды. Графикалық жаттығулар – сурет нұсқаларын, кескіндемелер, альбомдар, плакаттар, қабырға газеттерін жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет