Жаңа материалды үйретуге арналған сабақ құрылымы:
оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру бағытында жаңа материалды харалау;
оқушылар естерінде сақтауы тиіс нәрсені оқшаулап ұсыну;
есте сақтаудың қажеттілігін туындату;
жаңа материал мен қорытындыларды алғашқы қайталау;
дифференциялы тапсырмалар беру процесінде жаңа материалды алғашқы тексеруден өткізу;
Практикалық жұмысты орындау сабағының құрылымы:
ұйымдастыру (ұнамды психологиялық ахуал);
сабақ тақырыбы мен оның міндеттерін хабарлау;
дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар;
білім мен іскерліктерді шығармашылықпен қолдану;
үй тапсырмасы;
оқушылардың жұмыстарын бағалай отырып, сабақ қорыту;
Қайталау жалпылау сабағының құрылымы:
ұйымдастыру сәті;
оқытылатын тақырыптың маңызын хабарлау;
сабақ жоспары мен мақсатын хабарлау;
оқушылармен бірге ұжымдық және жеке-дара жұмыстар орындау;
тапсырманы тексеру, түзету;
сабақ нәтижесі бойынша қорытындылар;
қорытынды шығару;
Аралас сабақтың құрылымы:
Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
- сабақ оқушылардың қызығушылығын оятатындай және оларды білім алуға жігерлендіретіндей етіп өтуі керек;
- оқушылар мен оқытушылардың әрекеті тиянақты болуы, сабақ қарқыны өте жоғары деңгейде өтуі керек;
- оқытушы мен оқушылардың сабақ кезіндегі өзара қарым-қатынасы жоғары деңгейде өтуі керек, педагогикалық такт болуы тиіс;
- сабақ кезінде өзара татулық жағдайда белсенді шығармашылық негізде өткізілуі тиіс;
- оқытудың әдістері мен тәсілдерін үйлестіру керек;
- сабақ кезінде әр оқушының белсенді қарым-қатынасын жолға қою керек;
Достарыңызбен бөлісу: |