Сабақ конспектілері Дәріс-1 Бастауыш сыныптарда көркем еңбекті оқытудың теориялық негіздері



бет8/26
Дата01.10.2022
өлшемі71.73 Kb.
#461748
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Саба конспектілері Д ріс-1 Бастауыш сыныптарда к ркем е бекті о (1)

Сабақтың тақырыбы. Киімді күту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды киімдерін күте білуге бейімдеу
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: ине, жіп, қайшы, оймақ, бір түсті мата
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Қауіпсіздік ережелері жазылған плакат
Сабақ мазмұны:
Жаңа сабақты мұғалім басатамас бұрын киім тігу шеберлігі, киімдерге байланысты мата түрлерін әңгімелеп түсіндіреді. Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алдымен көотеп тігу элементімен таныстарды.
Практикалық жұмыс кезінде оқушылар өздері алдына келген мата түрлерін белгілі бір өлшемге келтіріп қиып алып, ине жібін сабақтап, жаттығады. Кез-келген бұйымды тігу үшін тігіс элементтерінің ішіндегі көктеп тігу тәсілінің рөлі зор. Матаға көктеп тігудің элементтерін оқушыларға көрнекі құралдары бейнеленген сурет бойынша: 1. Инені ілгері шаншып тігу. 2. Инені кері шаншып тігу элементін жаттығып үйренеді. Сабақ барысында оқушыларға қосымша түсінік беру арқылы көмек көрсетіліп отырады. Сабақ соңында оқушыларға қаншалықты түсінгендігі туралы қосымша пысықтау сұрақтарын береді:

  1. Оймақты не үшін киеміз?

  2. Ине жібінің ұзындығы қанша өлшемде ьолуы керек?

  3. Көктеп тігудің қанша тәсілі бар?

  4. Жіптерді қалай таңдап алу керек?

Ас дайындаудың қарапайым тәсілдері. Карвинг әдістемесін бастапқы тәсілі.


Дәріс - 6
Тақырыбы: Ауылшарушылық еңбек
Мақсаты: Ауылшаруашылық еңбегі туралы түсінік беру, табиғат пен адам арасындағы байланыстың маңызын ұғындыру
Жоспар:

  1. Ауылшарушылық еңбегі және оның адам өміріндегі рөлі

  2. Үй жануарларын күтіп, бағу

  3. Сыныпта «жасыл табиғат» және хайуанаттар бұрышын жасау әдістемесі.

Ауылшаруашылық еңбегі бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру, табиғаттың сұлулығын тани білуге, оны аялай білуге, ең бастысы ауылшаруашылық жұмыстарының түрлерімен еңбек ете білуг.е үйретеді. Ауылшаруашылық еңбегі түрлеріне оқушылар 1-ші сыныптан бастап, еңбек сабақтарында бірте-бірте оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс түрлері үйретіледі. Гүлді өсімдіктерді, бөлме өсімдіктерін өсіру, күту жұмыстары туралы білімдер алып, оқушылардың бақылау қабілеттері жетіліп, өсімдіктердің биологиялық өсу ерекшеліктермен, экологиялық білім негіздерімен қарулана бастайлды. Оқушылардың шама-шарқына лайық, тәжірибелік бақылау жұмыстарымен танысады. Танысу мақсатында өсімдіктер мен гүлдердің өсуі, сыртқы жағдайға, ылғалдылыққа, топыраққа байланысты екендігі түсіндіріліп, көздерін жеткізеді.
Тапсырмалар орындалмас бұрын жұмыс кезінде бақылау арқылы, тапсырманы қалай орындау керектігі сөзбен түсіндіріліп, жұмыс кезінде қолмен көрсетілуі керек. Оқу-тәжірибе учаскесіне, гүлзарларға, демалыс саябақтарына топсеруен ұйымдастырылып, ондағы өсетін ағаш түрлерімен, ағаш бұтақтарымен, шөптесіндермен, өсімдіктердің жеміс-жидектерімен, жапырақтармен таныстырылады. Мектептің оқу-тәжірибе үлескесінде бөлінген жерлерде мұғалімнің көмегімен пияз, сәбіз т.б. көкөніс түрлерін себіп, оларға байқау, бақылау жасау арқылы, гүлдерді егіп, күтім жасап, байқау жұмыстарына қолқабыс тигізіп отырылады. Оқушылар бөлме ауасының ішіне көрік беріп тұратынын түсіндіреді.
Әрбір сабақты өткенде нұсқау беру арқылы түсіндіріліп, мұғалім әрбір сабаққа жауапты әзірленіп, сабақты сапалы ұйымдастыру керектігін жоспарлауы тиіс.
Өсімдіктердің тамыры, сабағы, өскін, буын, бұтақтары т.б. сөздерді түсінікті болу үшін дәптерлеріне суреттерін, тақтаға жазып дұрыс айтуларын қадағалап отыру керек. 1-4 сынып оқулықтарында өтілетін сабақтардың оқу материалының жүйеленіп құрылған тақырыптары берілген. Ауылшаруашылығы еңбегі оқушыларға бөлме өсімдіктері туралы білім береді. Байқау қабілеттерін ұлғайтады және эстетикалық тәрбие мен экологиялық білім береді. Сонымен қатар мектеп үлескісіндегі сабақ өткізіледі. Мұнда жеміс ағаштарын күту, мектеп, өз үйлерінің ауласын тазалау сияқты сенбілік жұмыстардың қарапайым түрлеріне үйренеді. Сынып ішінде кіші хайуанаттар бұрышы жасалуы тиіс.Сонымен қатар оқушылар үй жануарларын күту, тамақтандыру ережелерін үйренеді және табиғатты сүюге, еңбекқор болуға дағдыланады. Жануарлардың тіршілік әрекетін бақылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет