Сабақ Лексикалық тақрып


Мәтін бойынша сөздік жұмыс, орыс тіліне аударыңыз және сөз тіркестерін жасаңыздар



бет2/3
Дата22.08.2022
өлшемі25.59 Kb.
#460000
түріСабақ
1   2   3
3саб 1сем

2. Мәтін бойынша сөздік жұмыс, орыс тіліне аударыңыз және сөз тіркестерін жасаңыздар: Білім беру жүйесі, білім беру стандарты, құқық, кезең-кезеңмен, бәсеке, қабілет, мақсат, сатылы, бастауыш, негізгі, орта білім, маман, оқу мерзімі, кәсіптік орта білім, тәрбие, студент, оқушы, мұғалім.
3. Екінші тапсырмадағы асты сызылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
4. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
Түбір сөздің, күрделі сөздердің, атаулық тіркестердің тәуелденуі, жіктелуі, септелуі/тәуелдене септелуі (оңаша және ортақ тәуелдену).
ЗАТ ЕСIМ МЕН ЕСIМДIКТЕРДIҢ ТӘУЕЛДЕНУ ФОРМАСЫ
Түбір сөзге -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Бұл жұрнақтар үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларға жатады.
Сұрақтары: Кімдікі? Ненікі?
1)дауысты дыбыстарға аяқталған түбірге -нікі жұрнағы жалғанады: Сәуленікі
2)ұяң (ж,з) және үнді дауыссыздардан кейін -дікі жұрнағы жалғанады: біздікі
СЕПТІК ЖАЛҒАУ

Сөз бен сөздің арасын байланыстырады.
Атау септік - 0
Ілік септік – ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің- Кімнің? Ненің?
Барыс септік – ға/- ге, -қа/-ке, -а, -е, -на/-не - Кімге? Неге? Қайда?
Табыс септік - ды/-ді, -ты/-ті, -ны/-ні, -н - Кімді? Нені?
Жатыс септік –да/-де, -та/- те, -нда/-нде - Кімде? Неде? Қайда?
Шығыс септік – нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен - Кімнен? Неден? Қайдан?
Көмектес септік - мен, - бен, -пен - Кіммен? Немен?

Жай септеу

Тәуелді септеу


А.с. ой, тас

А.с. ойым (І-ж), тасы (Ш-ж)


I.с. ой+дың, тас+тың

I.с.ойым+ның, тасы+ның


Б.с.ой+ға, тас+қа

Б.с. ойым+а, тасы+на


Т.с. ой+ды, тас+ты

Т.с. ойым+ды, тасы+н


Ж.с.ой+да, тас+та

Ж.с. ойым+да, тасы+нда


Ш.с.ой+дан, тас+тан

Ш.с. ойым+нан, тасы+нан


К.с. ой+мен, тас+пен

К.с. ойым+мен, тасы+мен


Тәуелді септеудің жай септеуден айырмашылығы:
Барыс септікте: І, ІІ жақтан кейін -а, -е жалғаулары, III жақтан кейін -на,-не;
Табыс септікте: III жақтан кейін  жалғауы;
Жатыс септікте: III жақтан кейін -нда, нде жалғаулары.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ
Заттың біреуге, не бір нәрсеге меншікті екенін көрсетеді

Жекеше түрі

Көпше түрі

I жақ -м, -ым, -ім

I жақ -мыз, -міз, -ымыз, -іміз

II жақ -ң, -ың, -ің

II жақ  -ларың/-лерің, -тарың/-терің,
-дарың/-дерің

-ңыз, -ңіз, -ыңыз, - іңіз

 - ларыңыз/-леріңіз, -тарыңыз/-теріңіз,
-дарыңыз/-деріңіз

III жак -сы, -сі, -ы, -і

 III жақ -сы, -сі, -ы, -і

Оңаша тәуелдену

Ортақ тәуелдену

Менің әке+м, дәптер-ім
Сенің әке+ң, дәптер+ің
Сіздің әке+ңіз, дәптер+іңіз
Оның әке+сі, дәптер+і

Біздің әке+міз, дәптер+іміз
Сендердің әке+лерің, дәптер+лерің
Сіздердің әке+леріңіз, дәптер+леріңіз
Олардың әке+сі, әке+лері, дәптер+лері

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
Жалғанған сөзге даралану, салыстыру мағынасын білдіреді.

Мен -мын/-мін,-бын/-бін,-пын/-пін
Сен - сың/-сің
Сіз -сыз/-сіз
Ол -----------
Мен әншімін
Сен студентсің
Сіз спортшысыз
Ол күйші.

Біз -мыз, -міз, -быз, -біз, пыз, -піз
Сендер -сыңдар, сіңдер
Сіздер -сыздар, сіздер
Олар --------------
Біз оқушымыз
Сендер студентсіңдер
Сіздер спортшысыздар
Олар балықшы

ЕТІСТІКТІҢ ЖІКТЕЛУІ

Жекеше

Көпше

I-жақ Мен отыр+мын, келе+мін
II-жақ Сен отыр+сың, келе+сің
Сіз отыр+сыз, келе+сіз
III- жақ Ол отыр, келе+ді

I жақ Біз отыр+мыз, келе+міз
II-жақ Сендер отыр+сыңдар,
келе+сіңдер
Сіздер отыр+сыздар, келе+сіздер
III- жақ Олар отыр, келе+ді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет