Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Номерлеу мен маркерлеудің форматын өзгерту



бет33/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Номерлеу мен маркерлеудің форматын өзгерту.
Номерлеуді немесе маркерлеуді қосқан кезде стандартты маркерлер мен қатар аралық, символ мен текст аралық, сан мен текст аралық интервалдар үнсіз келісім бойынша қойылады. Бұл параметрдің бәрін де артынан қажетіне қарай өзгертуге болады. Егер тізім енгізілген болса, оны алдымен белгілеп, Формат-Список командасын орындайды. Список диалог терезесі ашылады. Бұл терезеде Маркерленген, Номерленген, Көпдеңгейлі қосымшалары бар. Әрбір қосымшаны ашып, қажет стильді таңдауға болады. Бірақ таңдау бұнымен тоқтап қалмайды. Бұл стильдерді әрі өзгертуге болады. Маркерленген тізімде өзгертетін стильді таңдап, Изменить батырмасын шертеді. Ашылған терезеде, маркер түрін, маркердің орналасуын, текстің орналасуын беруге болады. Ал шрифт батырмасы арқылы маркердің түрін өзгертуге болады.
Номерленген тізіді өзгерту де осыған ұқсас жүреді. Өзгешелігі мұнда тізімді 1-ден өзге цифрдан да бастауға болады.
Арнайы символдарды қолдану.
Іскер құжаттарда көптеген стандартты пернетақтада жоқ символдар қолданылады. Көбіне оларды пернетақталық символдармен алмастырады. Бұл арнайы символдарды пернетақтадан немесе Вставка-Символ командасын орындап енгізуге болады. Құжатқа символды енгізу үшін қажет символды таңдап, Вставить батырмасын шертеді. Арнайы символдар Специальные символы қосымшасында орналасқан. Көп қолданылатын арнайы символды автозамена тізіміне қосып қою үшін, оны таңдап, Автозамена батырмасын шертеді. Қажетті символмен ауысатын символдық жолды енгізіп, Добавить батырмасын шнретеді.


Уақыт пен датаны енгізу.
Құжатқа дата мен уақыттың 17 түрлі форматын қолданып енгізуге болады. Вставка-Дата и время командасын орындап, Дата и время терезесін ашып аламыз. Ашылған тізімнен қажетті форматты таңдаймыз. Егер құжат ашылған сайын дата мен уақыт жаңартылып, өзгеріп тұруы керек болса, Обновлять автоматически жалаушасын орнатады. Мұндай жағдайда дата мен уақыт текст түрінде емес, өріс түрінде енгізілетін болады.
Аталған әдістер компьютерде демонстрацияланып, көрсетіледі. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріледі.

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.


Сабан аяқталды
Сау болыңыздар.

Топ :













Күні:













Тақырыбы: Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Сабақ мақсаты: а) Құжат құру кезінде тізім құру тәсілдерін, дата мен уақытты енгізуді, арнайы символдарды енгізу әдістерін меңгерту.

Б) Оқушылардың құжат құруда аталған мүмкіндіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру.


В) Оқушыларға құжатты талғамға сай безендіруді, іскер құжаттарды құра білуді меңгерту.


Сабақ көрнекілігі: Практикалық жұмыстар жазылған карточкалар.


Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекілікті
Сабақ типі: Қайталау, пысықтау сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты бекітуге тапсырмалар беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Тізім құру. Дата мен уақытты енгізу.
Сұрақтар:

  1. Маркерленген және номерленген тізімдерді қалай қоюға болады.

  2. Тізімді рим цифрларымен номерлеу үшін не істеу керек?

  3. Құжатқа арнайы символдарды қалай енгізуге болады?

  4. Арнайы символдарды пернелер комбинациясы арқылы қалай енгізуге болады?

  5. Құжатқа уақыт пен датаны қалай енгізуге болады?

Өткен тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мынадай практикалық тапсырмалар беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет