Сабақ мақсаты: а ет кабинетіндегі жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Ұяшықтың мазмұнын енгізу және редакторлеу



бет35/39
Дата12.11.2023
өлшемі1.52 Mb.
#483055
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
10 сынып бойынша дайын разработка

Ұяшықтың мазмұнын енгізу және редакторлеу.


Excel программасының жұмыс терезесі.
Excel программасының жұмыс терезесінде тақырып қатары, командалар тақтасы бар. Оның төменгі жағында өріс аты мен формула қатары орналасқан. Терезенің төменгі жағындағы қалып-күй қатары ағымдағы жадай туралы ақпаратты көрсетіп отырады.


Жұмыс кітабы мен жұмыс беттері.
Excel программасын іске қосқан кезде жаңа жұмыс беті ашылады. Жұмыс беті – Excel-дің бірнеше беттен тұратын құжаты. Жұмыс кітабының әрбір беті жұмыс беті деп. аталады, ал активті жұмыс беті программаның терезесінде көрініп тұрады. Горизонталь айналдыру жолағының сол жақ шетінде беттердің жарлықтары мен оларды арап шығуға қолданылатын айналдыру батырмалары орналасқан.
Әрбір жұмыс беті бір-бірінен сызықтар арқылы ажыратылған бағандарға, қатарларға және ұяшықтарға бөлінген. Бағандар – бұл тік бөлімдер. Бір інші баған латынның А әрпімен белгіленген. Горизонталь бөлімдер – қатарлар деп. аталады. Олар номерленген. Әрбір жұмыс бетінде 256 баған мен 65536 қатар болады. Бұл деректермен жұмыс жасауға жетекілікті деп есептеледі.
Ұяшық – баған мен қатардың қиылысында пайда болван аймақ. Әрбір ұяшықтың өз адресі болады. Адрес ол ұяшық орналсқан баған мен қатардың номері арқылы анықталады. Белгіленген кезде бірінші баған атауы, содан соң қасына қатар номері жазылады.
Активті ұяшық жақтаулармен жиектеліп тұрады. Және деректер тек қана активті ұяшыққа ғана енгізіледі.


Активті ұяшықтың жақтауын жылжыту.
Активті ұяшықтың жақтауын жылжыту үшін курсорды экран бетінде басқару пернелері қолданылады. Ұяшықты белгілдеу үшін маусты да қолдануға болады. Ал жұмыс бетінің басқа аймақтарын арап шығу үшін айналдыру жолақтарын қолдануға болады. Көп қатарларға немесе бағандарға ауысу керек болса, Shift пернесін басулы күйде ұстап тұрып, айналдыру жолағын жылжытуға болады.


Мәтін мен санды енгізу.
Жұмыс бетіне үш түрлі деректі енгізуге болады. Олар: сандар, формула және мәтін.
Сандар дегеніміз – датаны қосып алғандағы есептеулерге қолданылатын мәндер.
Формула – есептеу үшін қолданлатын өрнектер.
Ал мәтін – санға да, формулаға да жатпайтын деректер.
Деректерді еншізу үшін алдымен ұяшықты белгілеп алады, деректі енгізеді. Ұяшықта енгізу нүктесі пайдаболады да, енгізілген деректер ұяшықта да, сонымен бірге формула қатарында да көрініп тұрады. Бұл кезде формула қатарындағы батырмалар қосылады.
Егер дерек енгізу кезінде қате жіберілсе, омула қатарындағы Отмена батырмасын қолдануға болады. Esc пернесі де Отмена батырмасының қызметін атқарады. Ал Ввод батырмасының көмегімен деректерді енгізуді аяқтауға болады. Enter пернесінің көмегімен де, төменгі ұяшыққа көшіп, дерек енгізуді аяқтауға болады.
Сонымен бірге Excel программасында ұяшықты автотолтыру қызметін қолдануға болады. Бұл жағдайда ұяшықтың мәні есте сақталып, осы бағандағы басқа ұяшықтарды осы мәнмен толтыру мүмкіндігі болады. Мысалы Иванов деген сөз теріліп, келесі осы ұяшықтың төменгі жағындағы ұяшыққа Ив әріптері салынған кезде программа автоматты түрде анов тіркесін шығарады. Егер керегі осы сөз болса, Enter пернесін басып, енгізуді аяқтап, келесі ұяшыққа көше беруге болады. Егер енгізілетін басқа сөз болса, жай ғана қажет сөзді теруді жалғастыра бересіз.

Бекіту сұрақтары:



  1. Excel программасының жұмыс терезесінің негізгі элементтерін ата.

  2. Жұмыс кітабы дегеніміз не?

  3. Жұмыс беті дегеніміз не?

  4. Бір жұмыс бетінде қанша баған, қанша қатар болады?

  5. Ұяшық адресі қалай анықталады?

  6. Excel программасының ұяшығына қандай дерек түрлері енгізіледі?

  7. Сандар қандай дерек түрлері?

  8. Мәтін қандай дерек түрлері?

  9. Формула қандай дерек?

  10. Excel программасының Автотолтыру қызметі қалай орындалады?

Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу. Келесі сабақта жалғастырамыз.


Сабан аяқталды.
Сау болыңыздар.


Топ :













Күні:













Тақырыбы: Microsoft Excel кестелік процессоры. Ұяшықтың мазмұнын енгізу және редакторлеу.

Сабақ мақсаты: а) Microsoft Excel кестелік процессорының негізгі ұғымдарымен қайталап таныстыру. Негізгі жұмыс жасау принциптерін түсіндіру.


Б) Microsoft Excel кестелік процессорында кестелік есептеулерді жасау, қолдану дағдыларын қалыптастру.


В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, сабаққа қызығушылықтарын дамыту.


Сабақ көрнекілігі: Карточкалар


Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақ әдісі: Лекция жазу
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалара беру
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Өткен сабақта Microsoft Excel кестелік процессоры. Ұяшықтың мазмұнын енгізу және редакторлеу тақырыбын бастадық. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Excel программасының жұмыс терезесінің негізгі элементтерін ата.

  2. Жұмыс кітабы дегеніміз не?

  3. Жұмыс беті дегеніміз не?

  4. Бір жұмыс бетінде қанша баған, қанша қатар болады?

  5. Ұяшық адресі қалай анықталады?

  6. Excel программасының ұяшығына қандай дерек түрлері енгізіледі?

  7. Сандар қандай дерек түрлері?

  8. Мәтін қандай дерек түрлері?

  9. Формула қандай дерек?

  10. Excel программасының Автотолтыру қызметі қалай орындалады?

Бүгін лекцияны әрі қарай жалғастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет