Сандарды форматтау.
Excel программасы сандарды әртүрлі форматта ұсынуға мүмкіндік береді. Форматтау сандарды проценттік түрде, ақшалық түрде сонымен бірге ондық таңбаларының санын реттеуге қолданылады. Белгіленген ұяшықтарды форматтау тақтасындағы Формат ячеек батырмасы арқылы немесе динамикалық меню арқылы форматтауға болады. Форматтау кезінде
санның ұсынылуы өзгереді, ал оның мәні өзгеріссіз қалады. Үнсіз келісім бойынша
Общий форматы қойылады.
Форматтау тақтасын қолдану.
Форматтау тақтасын қолданып ұяшықты форматтау үшін ұяшықтарды белігелеп алады. Содан соң қажетті форматтың бірін таңдайды. Мұнда:
Ақшалық формат
Проценттік формат
Бөлгіштері бар формат
Разрядты көбейту
Разрядты азайту.
Разрядты азайту кезінде нольден
өзге сан алынып тасталса, көрсетіліп тұрған сан дөңгеленеді. Форматтау деректің тек ұяшықта көрінуіне ғана әсер етеді. Ұяшықты шертіп формула қатарына қарасаңыз,
ұяшыққа сан қалай енгізілсе, формула қатарында тап солй көрінеді. Ол қандай форматтау қолданылғанына тәуелсіз болады.
Ал программаның өзінде форматтау тақтасындағыдан өзге көптеген форматтар болады. Оны қолдану үшін ұяшықты белгілеп, Формат-Ячейки командасын орындайды
немесе динамикалық менюден Формат ячеек командасын таңдайды.
Формат ячеек терезесінің
Число қосымшасын ашып, қажетті форматты таңдайды.
Тізімде сандардың форматының бірнеше түрі болады.
Дата уақыт пен датаны қою үшін қолданылады.
Дробный форматы ондық таңбаның санын реттуге қолданылады.
Дополнительный және
Текстовый форматы деректерді мәтіндік форматқа айналдырады.
Дополнительный форматы математикалық шама болмайтын деректерді, мысалы:
почталық индекс, телефон номері т.с.с. жазуға қолданылады.
Текстовый форматы санды мәтіндік түрге айналдырады. Содан соң ол сан есептеуге қолданылмайды.
Бекіту сұрақтары:
Сандармен орындалатын амалдарды ата.
Формула енгізу ережесі қандай?
Формуладағы операциялардың орындалу реті қандай?
Ұяшықтағы формуланы қалай көшіруге болады?
Автосумма функциясын қолдану реті қандай?
Ұяшықтарды біріктіру деген не?
Ұяшықтардың қиылысуы деген не?
Программада сандардый форматын өзгерту тәсілдері? Формат түрлерін ата.
Тақырыпты бекітуге арналған практикалық жұмыс.