SpeedButton компоненті
SpeedButton кнопкалары BitBtn-нан үш жағдаймен ерекшеленеді: біріншіден, жазбаларды шығару қарастырылған, екіншіден, олар белгілі бір жағдайларда бекітіле алады және үшіншіден олар модальды терезелерді жаба алмайды. Қалғанның барлығында олар BitBtn қасиеттері мен әдістерін қайталайды.
Кнопка бекітілу үшін кнопкалардың белгілі бір топтарына жатуы тиіс (бұл топ өзінен тұруы мүмкін – жалғыз бекітілетін кнопка нұсқасы). Ол үшін GroupIndex қасиеті пайдаланылады, ол 0 тең болмауы керек.
SpeedButton кнопкасы үшін OnDblClick оқиғасы қарастырылған, ол кнопканы екі рет шерту арқылы туындайды.
C++Builder ортасында программалауда, программа ұсынатын мүмкіндіктердің бірін немесе қатарынан бірнешеуін таңдау үшін ауыстырғыштар (переключатель, флажок) қолданылады. Программада мұндай ауыстырғыштардың қызметін Standart панелінің CheckBox, RadioButton және RadioGroup компоненттері атқарады. Ауыстырғыш екі күйде ғана бола алады: «қосылған» (ν немесе ●) және «ажыратылған» (□ немесе ○ ).
Ауыстырғыштарды мүмкіндігіне қарай екі топқа бөледі: тәуелсіз және өзара тәуелді. Тәуелсіз ауыстырғыштардың жұмысы басқа ауыстырғыштарға байланыссыз, тәуелсіз болады.
CheckBox компоненті
Программада CheckBox компонентінің көмегімен жасалатын ауыстырғыш, тәуелсіз ауыстырғыштар тобына жатады. Әдетте, қажет болған жағдайда бірнеше ауыстырғыштарды бір топқа біріктіріп пайдаланады, ол үшін контейнердің ролін атқаратын арнаулы GroupBox және Panel және т.б. компоненттер қолданылады.
Әдетте қосымшада ауыстырғыштың күйін өзгерту үшін тышқанның сол жақ батырмасына шертеді, яғни қандай болғанына қарамастан әйтеуір күйі өзгеретін болса, онда CheckBox компоненті үшін міндетті түрде OnClick оқиғасы пайда болады. Бұл оқиғаны өңдеуге арналған функция, көбінесе ауыстырғыштың күйіне байланысты белгілі бір әрекеттердің немесе операторлардың орындалуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Мысалы,
void __fastcall TForm1::CheckBox1Click(TObject *Sender)
{
if (CheckBox1->Checked = = true)
Memo1->Font->Size=10;
}
RadioButton компоненті
RadioButton компоненті тәуелді ауыстырғыштар қатарына жатады, яғни, бір контейнерде орналасқан RadioButton түріндегі бірнеше ауыстырғыштардың біреуі «қосылған» күйде болса, онда қалғандарының барлығы бірдей автоматты түрде «ажыратылған» күйге көшеді.
Компонент қасиеттерін қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |