Пән: Объектілі-бағытты бағдарламалау негіздері
3 бөлім. Borland C++ Builder-де қосымша әзірлеу
Курс тақырыбы: 3.4 тақырып. Басқару компоненттері
Сабақтың тақырыбы: №15 Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма. Суреті бар батырма
1. Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма
2. Жалауша
3. Ауыстырғыш
Әдетте басқару батырмасы ретінде Button қолданылады, егер пиктограммалы батырма болса – BitBtn. SpedButton батырмасы тез қатынас жасайтын батырма ретінде қолданылады.
1-сурет. Батырмалар мен индикаторлар мысалы
Button компоненті –оқиғаға жауапты қалыптастыратын командалық батырма болып табылады.
Name – компонент қасиетіне кіру мүмкіндігін алу үшін пайдаланылатын компонент атауы.
Caption – батырманың үстіне орналасатын мәтін.
Top – батырманың жоғары шекарасынан форманың жоғары шекарасына дейінгі қашықтық.
Left - батырманың сол жақ шекарасынан форманың сол жақ шекарасына дейінгі қашықтық.
Width – батырманың ені.
Height – батырманың биіктігі.
Visible – батырманың көрінуін немесе көрінбеуін басқарады.
Enabled – батырманың пайдаланылу мүмкіндігін көрсетеді, егер оның қасиетінің мәні ақиқат болса, онда батырма пайдаланылады, кері жағдайда пайдаланылмайды.
Hint – командалық батырмаға курсор келгенде тышқанның көрсеткішінің қасында нұсқау-мәтін пайда болады.
Show Hint – егер мән ақиқат болса, нұсқау көрінеді, кері жағдайда көрінбейді.
BitBtn компоненті
BitBtn пиктографиялық кнопкасы Button стандартты кнопкасының атақты түрін көрсетеді. Оның маңызды ерекшелігі – Glyph қасиеті, оның көмегімен кнопка бетінде салынатын растрлық бейнелер анықталады. Delphi құрамына осы кнопкаларда орналастыру үшін арнайы құрылған суреттер жиынтығы кіреді. Kind қасиеті кнопканың 11 стандартты түрінің бірімен анықталады. BitBtn кнопкасы Cancel, Default және ModalResult қасиеттерін өзінің Button аналық класынан алды.
Достарыңызбен бөлісу: |