Сабақ: Мектеп: №2 Қосшы орта мектебі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Г. Е. Токишева


Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау



бет5/9
Дата22.12.2022
өлшемі212.59 Kb.
#467721
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ашық сабаққа керек бірінші күнгі

Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін талдау

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Әңгіме сюжетіне талдау жасау,оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әнгіменің мазмұнын аша білу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты ашу;
Озық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;
Ақын шығармасы арқылы ұлттық құндылықтарды қастерлей білуге үйрету, қазақтың күй өнері туралы түсінігін кеңейту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:
1.Шығарма арқылы автордың айтпақ ойын табады.
2.Кейіпкер образы мен шығармадағы автор бейнесін ашуға арналған ширату сұрақтарына жауап береді.
3.Әңгімедегі кейіпкерлердің басты мақсатын негізге ала отырып ,кейіпкер іс-әрекетіне баға береді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1. Күй өнерінің құдыретін ұғынады
2. Пікірлерін бір сөйлеммен дәлелдеу,мысалдар келтіру.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1.Шығармадағы кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра отырып ,өзіндік көзқарасын білдіреді.
2.Өнер адамдарын дәріптеу.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
Күй өнерінің құдыретін ұғынып ,өнер адамын дәріптеу.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология :
Кейіпкер ,кейіпкер іс-әрекеті ,жағымды іс-әрекет , автор бейнесі ,талдау ,бағалау;
Бота,аруана,інген,мая,нар, қара нар портрет,эпитет,теңеу.

Алдыңғы оқу

Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» мазмұндау,хронологиялық кесте

ЖОСПАР

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы



Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ,жазушы , драматург Тахауи Ахтановтың 95 жылдық мерейтойы .Осы орайда жазушының баспасөз бетінде алғаш жарық көрген «Күй аңызы» әңгімесін талдауға қош келдіңіздер. Балалар, әңгіме өзегі өздеріңе таныс. Әңгіме желісі бойынша мынадай топтық жұмыстар жүргіземіз. Бұл үшін сыныптағы оқушылар үш топқа бөлінеді.
І топ “Күй аңызы” тобы
ІІ топ “Өнер құдіреті” 
ІІІ топ “Нар идірген” 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет