ІІ тапсырма:
Мәтіннен бір сәт тысқары
Сурет астында тапсырма (домбыра, үй, нар)
І топ.
ІІ топ.
ІІІ топ.
|
|
Аяқталуы/
|
Бір тылсым дүние
Тапсырма:
Егер мен күйші болсам... (Үш топ күйші бейнесіне енеді)
Қосымша мәлімет беру. Секен Тұрысбеков: «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады.»
«Көңіл толқыны» күйінің дүниеге келу тарихы: «Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде ойыма келген - тін. Ол кез қасіретке шомып жүрген уақытым еді, Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айрылғанда жазылған дүние болатын. Табиғаттың нөсер жауынынан кейін көлшікке тамған тамшыны ырғақ еттім. Ішкі - сыртқы құбылыстардың, сезімдердің бәрі қабысып келіп, өзінің шешімін тапқандай болды. Алғашында ол өзіме «күй - этюд» сияқты болып көрінді. Іштегі шер жатпайды екен. Ылғи «Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады» деп айтып жүретінмін. Менің аңғарғаным, сенің ішіңнен, жүрегіңнен, жаныңнан шыққан дүние жұрттың да жүрегіне жетеді екен.»
Қосымша мәлімет «Нар идірген» күйін тартып , аңызын айтып кейінгі ұрпаққа жеткізуші , Сыр өңірінің майталман күйшісі Нәби Жәлімбетов атамыз. Нотаға түсірген белгілі домбырашы , зерттеуші Әбділхамит Райымбергенов.
Нәби Жәлімбетов 1907 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Ақсиық деген жерде туды. Нәби — Қызылорда домбырашьшық мектебінің, оньщ ішінде атақты күйшілер Мырза, Айсүгір, Жалдыбай дәстүрінің жалғастырушысы. Нәбидің репертуарында «Нар идірген», «Ақсақ құлан», «Қара жорға», «Баулы ешкі» тәрізді көптеген халық күйлері және Асан Қайғының күйлері болған. 1929 жылдан 1940 жылға дейін Нәби Қазалы темір жол станциясында жұмыс істеді. 1941 жылы облыстық филармонияға домбырашы-солист болып қызметке ауысқаннан бері оның өмірі өнермен біте қайнасып өтті. Нәби 1988 жылы қайтыс болды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |