Сабақ: Мектеп: №2 Қосшы орта мектебі Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Г. Е. Токишева


Сабақтың эпиграфы : Күй күшті , тауды – тасты бұзатұғын



бет6/9
Дата22.12.2022
өлшемі212.59 Kb.
#467721
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ашық сабаққа керек бірінші күнгі

Сабақтың эпиграфы : Күй күшті , тауды – тасты бұзатұғын ,
Орнына өз өрнегін сызатұғын. Талқандап тас кереңді үн оятар ,
Дүкені дүниенің қызатұғын.



\

Ортасы /Даму



І тапсырма: 
Шығармаға суретші көзімен.
(Әр топ үйден салып келген суретін қорғайды) 
Түйін: Күй құдыретіне бас ие отырып, бүгінгі сабағымызға арқау болған 
“Нар идірген” күйін тыңдасақ. 
Айгүл Үлкенбаеваның орындауында “Нар идірген” күйі. 
Күйдің шығу тарихы. Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдыреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген бозінгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды. 
«...Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе, телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі күйшіге қатты әсер етті...» 
Күй құдыреті жануар екеш жануарға да әсер етті. «Нар идірген» күйі осылай туыпты деген аңыз бар. 
Ширату сұрақтары
1. Неліктен әңгіме Күй аңызы деп аталған?
2. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
3. Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
4. Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
5. Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?
6. Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
7. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не?
8. “Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар” деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?
9. Жаңылдың іс - әрекетіне көзқарасыңыз қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет