Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Сергіту сәті «Қалпақ әдісі»арқылы оқушыларды сергітіп аламыз.
Топқа бөлу
Оқушылар белгілі бір ұяшықты таңдау арқылы топқа бөлінеді.
«Пазл» әдісі арқылы топтың атын анықтайды
Үй жұмысын тексеру «Кездейсоқ шеңбер»арқылы үй жұмысы тексеріледі
"АШЫҚ МИКРОФОН" әдісі Топпен жұмыс
-Сәлеметсіздер ме, оқушылар! жаңа сабақ бастамас бұрын өзіміз оқыған "Зар заман" өлеңіне шолу жасайық. Ол үшін сіздерге үш тақырып беріледі.
1.“Зар заман” өлеңінің негізгі идеясы қандай?
2. “Зар заманда” халықтың жағдайы қандай болды?
3. “Зар заман” мен қазіргі заманды салыстырыңыз.
Жаңа сабаққа кіріспе: 2 минут
Бейнебаян көрсетіледі
Бейнебаян мазмұны Сіздерге қандай ой туғызды?
Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
(Сабаққа болжам жасап, оқушылар сөйлейді)
Ақын болу үшін...
1. Талант
2. Талап
3. Талғам
Бұл үш сөздің бүгінгі сабақ тақырыбына қандай байланысы бар?
"Айтыс туралы түсінік" 5 минут
"Айтыстың түрлері" - оқулықпен жұмыс
Айтыстың түрлері
|
Мазмұны
|
Бәдік
|
Айтыстың ең көне түрі.Бәдік айтысы адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде,шаманизм діни нанымына байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.
|
Жар-жар
|
Қыздың ұзатылуында айтылатын айтыс
|
Жануарлар мен адамның айтысы
|
Бұл айтыстардан халықтың күн көріс, тіршілігін, бір кездердегі дүниетану көзқарасын аңғаруға болады.
|
Өлі мен тірінің айтысы
|
өлі адамның құстар, жан-жануарлар атынан сөйлеп бақұлдасуы
|
Жұмбақ айтыс
|
Халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі
|
Қыз бен жігіттің айтысы
|
әдетте, екі жастың амандасуынан басталып,жұртты күлдіру үшін әзіл-қалжың ретінде, айтыла береді, бір-бірінің бойындағы кемшіліктер де сөз болады.
|
Ақындар айтысы
|
айтыс жанрының ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделі.
|
|