Сергіту сәті:
Мұғалім:
Ал қазір аздап дем аламыз, Басымыз айналмас үшін Мойынды баяу бұрамыз.
Солға қара – бір, екі, үш, Және оңға қара осылай. Жоғары тартылып жүреміз.
Қайтадан партамызға қайтамыз. Мұғалім: – «Біз экскурсоводтармыз» ойынын ойнайық, енді сендер
сыныптастарыңды астананың көрікті жерлерімен таныстыратын боласыңдар.
«Бәйтерек», «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Ханшатыр»,
«Думан» топтарына бөліну. Әр топ
|
ғажайып үйлер;
көшелер, саябақтар, бульварлар;
астананың қай өзеннің жағасында орналасқаны және т.б.
«Нұр-Сұлтан» бейнежазбасын тамашалайды.
Сергіту жаттығуын орындайды.
|
|
«Нұр-Сұлтан» бейнежазбасы
|
|
өз нысанының қысқаша сипаттамасын алып, 3 минуттың ішінде баяндап беруге
дайындалады.
топ. «Бәйтерек».
«Бәйтерек» атауы алып, үлкен теректі білдіреді. Ата-бабаларымыз өмір ағашы Бәйтерек – Әлем
өзенінің жағасында өседі деп есептеген. Оның тамыры тереңге жайылып, ал ұшар басы аспанды тірейді. Жылына бір рет ұшып келетін қасиетті самұрық құс
жұмыртқасын басарда қауіпсіз әрі тыныш орын іздейді. Ол Өмір ағашының басына жұмыртқасын – Күнді салады. Бәйтерекке өрмелеген алып Айдаһар Күнді
жұтпақшы болады. Аңыз жыл мезгілдерінің ауысуымен Жақсылық пен Зұлымдықтың күресін көрсетеді. «Астана –
Бәйтерек» мұнарасының биіктігі 97 метр Бәйтеректің діңінің бойымен панорамалық зал орналасқан. Әйнекті шарға жеделсатымен көтерілуге
болады. Осы жерден астананың әсем көрінісін тамашалауға болады.
топ. «Бейбітшілік және келісім сарайы».
Әлемдегі дін менен халықтары Бейбітшілік, келісім ақ сарайы
|
|
|
|
|
«Пирамида» Қазақты шақырады. Күн көзінде шарықтап жарқырайды Алтын құс – «Қазақ елі» самұрығы. Күмбезінде сарайлардың қалықтайды.
Желбіреп Қазақ туы, көк байрағы.
Ежелгі египеттіктер әлемде барлық тіршілік иелері уақыттан қорқады, ал уақыттың өзі пирамидалардан ғана қорқады деп есептеген.
Пирамида мәңгіліктің символы болып табылады.
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы дұрыс пирамида түрінде салынған. Құрылыстың ішінде
кездесулер мен конференциялар өткізуге арналған залдар бар. Сарай
«әлемнің сегізінші кереметі» атауын алып қойған. Мұндай құрылыс әлемнің ешбір жерінде жоқ. Пирамида астананың кез келген жерінен көрініп тұрады, ал түнде ішінен жарықталады.
3-топ.
Астанада Орта Азиядағы ең ірі сауда-орталығы – «Ханшатыр» орналасқан. Бұл – шатыр түрінде
салынған әлемдегі ең биік құрылыс. Оның ішінде қолайлы микроклимат қалыптасқан, қысқы бақтар гүлдеп тұр. Мұнда келушілердің саны көп.
«Ханшатырдың» ішінде сауда
|
|
|
|
|
павильондары, кафе, тойханалар, кинотеатрлар бар. Жасанды лагуна келушілердің ерекше
қызығушылығын тудырады. Оның жағасында алыс аралдардан
жеткізілген аппақ құмнан керемет жағажайлар жасалған. Тіпті қысты күні адам өзін жылы теңіздің
жағасындағы курортта жүргендей сезінеді.
4-топ.
«Думан» океанариумы мұхиттан 3000 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Онда Жердің әр
түкпірінен әкелінген 2000-ға жуық теңіз жануарлары тіршілік етеді.
Океанариумның негізгі бөлігі – түбінде ұзындығы 70 метрдей әйнек тунель орналасқан үлкен аквариум.
Мұнда акулалармен бар болғаны бірнеше сантиметр қашықтықта теңіз түбімен қыдыруға болады. Мұнда күніне екі рет тәжірибелі сүңгуірлер «Акуланы
тамақтандыру» көрсетілімін
жасайды. Бұл қызықты әрі қауіпті трюк барлық көрермендерді таңғажайып әсерге бөлейді.
Океанариумда теңіз жұлдыздарын, тақуа шаянды, теңіз шаяндарын көруге болады. Мұнда акулалар алып теңіз алабұғаларымен бірге, сондай-ақ ұшқыш балық,
|
|
|
|
|
пираньялар, ат басты балық, кірпі балық, теңіз сиыры, жапон
жауынгер балығы, итбалық және т.б. жүзіп жүреді. Тас балық, улы арыстан-балық, жайра-балық
сияқты қауіпті теңіздің тіршілік иелері бөлек резервуарда орналастырылған.
Окенариумда болып, сендер су асты патшалығының ғажайып әлемін өз көздеріңмен көре аласыңдар.
«Топтардың көрсетілімдері сияқты көрінеді» тәсілі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |