(Ө) Берілген тапсырманы орындау.
Ал енді елестетіңдерші, ата-аналарың күнде жұмыс істеп, ай сайын айлық алады. Сосын ол ақшаға бірінші кезекте не алу керектігін, ал нені сосын алу керектігін есептейді.
|
Дәптер
Дәптер
Оқулық
Дәптер
|
|
(Т) Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасы
Біз сендермен отбасылық бюджет деген ойынды ойнадық. Сендер ата-аналарыңнан бір нәрсе сатып алып беруді сұрадыңдар, ал ата-аналарың сендерге «Оған қазір ақша жоқ» деп жауап берді. Ол жауапқа ренжудің қажеті жоқ. Бұл дегеніміз әкеңде немесе анаңда ақша жоқ деген сөз емес. Ақша бар, бірақ бірінші кезекте аса қажетті нәрселерді сатып алу керек. Ата- аналарың бір айдың ішінде қай сома қайда кететінін есептеп қойған. Егер сендердің
өтініштерің орындалатын болса, онда азық-түліктің кейбір түрлерін немесе тағы басқа керекті заттарды сатып алуды кейінге қалдыруға тура келеді. Мүмкін ата-аналарыңа ақшаны қарызға алуға тура келетін шығар. Өтініштің орындалмағанына ренжіместен бұрын ата-аналарыңмен сөйлесіп, отбасылық бюджетті есептеп алыңдар.
(Ж) «Санап үйрен» тапсырмасын орындау.
Отбасылық бюджетті жоспарлай білу маңызды ма?
«Фразеологизмдер» динамикалық үзілісі.
Алтынмен пара-пар, бағасы ұшып тұр, су тегін, қалта көтермейді, құны көк тиын, бағасы удай, бағасы орынды, қол жетімсіз.
(Қымбат деген мағынаны білдірсе – жоғары секіреміз, арзан деген мағынаны білдірсе – отырып секіреміз).
(Ө) Оқулықтағы «Ертегілер елінде қонақта» тапсырмасын орындау
Ал енді «Мен өз шығыстарымды жоспарлауды үйренемін» жобасын жасап көріңдер.
(Т) Оқулықтағы талқылауға құрылған «Өз шығыстарыңды отбасылық кеңесте талқыла» айдарындағы тапсырманың мәтінін оқу және тапсырманы орындау.
|
Дәптер, оқулық
|
Рефлексия
|
Рөлдік ойын.
Мұғалім оқушылардың бірін ойын ойнауға шақырады. Бұл ойында оқушы ата-ана болады да, ал мұғалім бала болады.
Ойынның сюжеті: бала анасынан немесе әкесінен жаңа шыққан, соңғы үлгідегі, қымбат ұялы телефонды сатып алып беруді сұрайды. Ата-ана баланың бұл өтінішін қабылдамауы керек
және не үшін қабылдамағанын дәлелдеп беруі қажет.
|
Дәптер
|
Үй тапсырмасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |