Жазылым: Дәптердегі Н.Г. Хлудовтың «Көш» суретіне қарап бірнеше сөйлем құрастыру: «Көш дегеніміз
– ...»
Алдыңғы білімдер
|
Адам шаруашылығына климаттың тигізетін әсері.
|
Сабақ жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ой қозғау
|
– Балалар, екі үзіндіні салыстырып көріңдер:
«Қазақ халқы далалар мен ғасырларда тыным таппай көшіп жүрген трагедиялық кезбе іспеттес»
Мұхтар Әуезов
Тау несімен сәнді? Жадыратып жанды, Қарсы алып таңды, Бұлақ салып әнді, Жап-жасыл боп мәңгі. Шырша тұрса сәнді.
Әли Ысқабай
Мұхтар Әуезовтің сөзін естігенде, көз алдарыңа не келді? Өлеңді оқығанда қандай суретті елестеттіңдер?
– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек, нені үйренуіміз керек?
(Ұ, Ө) Оқушылар сабақтың тақырыбын тұжырымдайды, оқулық бойынша сабақтың соңында жету керек мақсаттарды анықтайды. Оқушылар сабақтың соңында:
көшпелілердің маусымдық жайылымдары жайлы және отырықшылар өмірінің ерекшеліктері туралы білетін болады;
көшпелілер мен отырықшылардың өмір салтын салыстыруды үйренеді.
|
Суреттер (тау, бұлақ, шырша)
|
Жаңа сабақ
|
Ерте заманда адамдардың өмір сүру салты көшпелілер және егіншілер болып бөлінді. Адамдардың шаруашылығы және өмір салты неге тәуелді болды, еске түсіріңдерші? Оқушылардың жауабы: климатқа.
Мұғалім: Иә, үш мың жыл бұрын Қазақстан жеріне құрғақ ауа райының орнағанын
|
Түрлі-түсті суреттер
|
|
білесіңдер. Жаңбыр сирек жауды, қатты ыстықтың салдарынан өсімдіктер қурады. Адамдар аштықтан өліп кетуі мүмкін еді. Тірі қалу үшін табиғат жағдайларына бейімделу керек болды. Біздің бабаларымыз көшпелі малшаруашылығына көшті. Көшпелі шаруашылықты жүргізіп отыру өте қиынға соқты. Көшпелі өмір салтын ұстанғандар көп нәрседен хабардар және көп нәрсеге қабілетті болуы керек.
Оқулықтағы мәтінді «Егіншілер» деген азат жолдан бастап, Көшпелілер қой, жылқы, түйе өсірді деген сөйлемді де оқимыз.
Сызбаны қарап шығыңдар. Мына сұрақтарға жауап беріңдер: Маусымдық жайылымдар қалай аталды?
Олар жылдың қай мезгілдеріне сәйкес келді? Жайлау қайда орналасты, ал қыстау ше?
Егіншілер өзен аңғарларының маңында өмір сүрді.
Оқулықтағы мәтінді 33 беттегі бояулы түсте берілген мәтінді оқимыз. Жанында берілген суретке мән береміз.
Мәселені шешеміз.
Ағылшын ғалымы Арнольд Тойнбидің мынадай сөзі бар: «Егіншіге қарағанда қойшы асқан шебер».
Ғалымның сөзі дұрыс па? Оның сөзінің дұрыстығын немесе бұрыстығын көрсету үшін өткенге кері шегінеміз. Топта жұмыс істей отырып, сендер сыныпқа көшпелілер мен егіншілердің шаруашылығын және өмір салтын көрсетулерің керек.
Мұғалім оқушыларды «Көшпелілер» деген 3 топқа, «Егіншілер» деген 2 топқа бөледі.
(Г) 1-топ «Көшпелілерге» тапсырма:
Оқулықтағы иллюстрацияларды қарап шығыңдар. Елестетіңдер, сендер – көшпелісіңдер. Жайлау мен қыстауды таңдаған кезде не нәрсеге көңіл бөлесіңдер?
Плакатта:
Қыстау Жайлау
|
Оқулық
Оқулық Маркерлер, дайын
шаблондары бар ватман парақтары, 5 топқа арналған тапсырмалары бар парақшалар
|
|
деп жазылған.
Жайлауға немесе қыстауға сәйкес келетін сөздерді таңдаңдар. Не үшін ол сөздерді таңдадыңдар, түсіндіріңдер.
Тірек сөздер: Солтүстік, оңтүстік, шүйгін шөптің мол болуы, суат көздері, қар жамылғысының жайдақ болуы, тау бөктері, жауын-шашыннан қорғайтын пана. 2-топ «Көшпелілерге» тапсырма.
Жылдың қай мезгілі көшпелілер үшін ауырға соқты, қалай ойлайсыңдар? Неліктен? Достың көмегі: Жылдың қай мезгілінде көктайғақ, боран, үскірік аяз, қалың қар секілді ауа райының құбылыстары болады? Осы құбылыстардың көшпелі шаруашылыққа тигізген әсері қандай?
Маңызды дерек! Жұт дегеніміз – қуаңшылықтан малдардың қырылуы.
3-топ «Көшпелілер» тапсырма.
Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Көшпелі елдің тұрмысында азығы да, сусыны да, киімі де малдан деп жазды. Ғалымның сөзін растау үшін мысалдар келтіріңдерші.
Көшпелінің азығы – ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелінің сусыны ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелінің киімі ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Көшпелілердің өндірген өнімдерін суретке салыңдар.
4-топ «Егіншілерге» тапсырма
Елестетіңдер, сендер – егіншісіңдер. Егінші нені білу керек және қандай қабілеті болу керек?
Достың көмегі. Сендердің алдарыңда – дала. Оны өңдеу керек. Одан өнім алу үшін не істеулерің керек?
5-топ «Егіншілерге» тапсырма
Егіншілер қандай дақылдарды өсірді.
Егіншаруашылығының өнімдерін атаңдар немесе суретін салыңдар.
Топтардың тапсырмаларды көрсетуі
|
Достарыңызбен бөлісу: |