Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет74/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Қазақ жерінің даңқты хандары

Оқыту мақсаты

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • хандардың қандай міндеттер атқарғанын біледі;

  • атақты қазақ хандарының есімдерін атайды;

  • олардың қалай танымалдылыққа ие болғандықтарын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

Кейбір оқушылар Қасымның (Жәңгірдің, Тәукенің) билеген кезеңіне қатысты сурет түрінде рәміздер ойлап табады.

Тілдік мақсат

Оқушылар хандардың тарихта алатын рөлдерін түсіндіреді.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қасым, Жәңгір, Тәуке, «Жеті Жарғы»
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Қасым хан – ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратқан хан. Жәңгір хан – өз Отанын жаулардан қорғаған хан.
Тәуке хан – оның билік құрған тұсында «Жеті Жарғы» заңдар жинағы шықты.







Талқыланатын мәселелер:
Хандар қандай міндеттер атқарды?
Қасым ханды «қазақ жерін біріктіруші хан» деп атайды? Қандай шайқаста Жәңгір хан жеңіске жетті?
Тәуке ханның билігін қазақ тарихының «Алтын ғасыры» деп неліктен атады?
Жазылым:
Кез келген ханның есімімен шумақ құрастыру

Алдыңғы білімдер

Қазақ хандығы қалай құрылды?

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:
«Хан» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді?
«Хан және оның міндеттері» кластерін құрыңдар. Хандар немен айналысты, айтыңдаршы. Ханның қай маңызды міндетін бірінші орынға қояр едіңдер? Неліктен?
Оқушылардың жауаптары.
Мұғалім: Қазақтың мықты хандары өздерінің қолбасшылық, дипломатиялық,
ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекше көзге түскен. Осы үшін оларға құрмет көрсетеміз! Бүгін біз қазақ тарихында өшпес із қалдырған хандармен танысатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет