Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері


Менің ататегім қайдан бастау алады?



бет31/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Менің ататегім қайдан бастау алады?

Оқыту мақсаты

        1. отбасы мүшелерінің арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру;

        2. әулет шежіресін құрастыру.

Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • рудың ендігі жалғасы өздері екенін жете түсінеді;

  • шежіренің не екенін біледі.

Көптеген оқушылар өзінің шежіресін құрастырады.
Кейбір оқушылар:

  • шежірені білудің қажеттілігі туралы пікірлерін дәлелдейді;

  • өзінің атасы немесе арғы атасы жайында әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алған ақпараттарды қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Ру, Жеті Ата, шежіре.
Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер
Шежіре бір рудың шығу тегін, таралуын баяндайды.
Жеті ата (шежіре) дегеніміз әке жағынан ата-бабасын білу дегенді білдіреді.
Талқыланатын мәселелер:
Неліктен көптеген халықтарда шежірені ағаш кейпінде бейнелейді? Біз өзіміздің шежіремізді білеміз бе?
Жазылым:
«Адамдар неліктен өзінің шежіресін құрастырады?» деген сұрақтың жауабын оқушы дәптеріне жазу.

Алдыңғы білімдер

Отбасы және ру туралы қарапайым түсініктер

Сабақ жоспары




Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім:
Сабақты ақын Омар Хайямның сөздерінен бастаймын:
Өзіңе зер сал Мынаны ойға ал: Осы мен кіммін, Қай жердемін, Қайда барамын?

  • Бүгінгі сабағымыз не жайында болмақ, қалай ойлайсыңдар? Сабақтың соңында біз нені білуіміз керек? Нені үйренуіміз керек?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біз бүгін отбасы және шыққан тегіміз жайында айтатын боламыз.

(Ұ, Ж) Сабақтың соңында қандай мақсаттарға жетуіміз керек екенін анықтайық:

Адам өмірге келеді, ер жетеді. Есейе келе, өзінің қайдан шыққанын, кім екенін ойлана бастайды. Ал сендер осы сұрақтар жөнінде ойланып көрдіңдер ме? Аталарыңның, арғы аталарыңның есімдері кім, білесіңдер ме?

Шежіре ағашы

Жаңа сабақ



– Жарайсыңдар! Аталарың жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал арғы аталарыңның,
бабаларыңның есімдерін білесіңдер ме? Бұл сұраққа келгенде көбісі қиналып қалғаны көрініп тұр. Бірақ сендерге қызық бола бастады. Арғы аталарыңның кім екенін білуге деген қызығушылықтарың оянды. Көбісі осы сұрақтың жауабын алу үшін өзінің
шежіресін – шығу тегінің тарихын құрастыра бастайды.
Оқулықтағы бірінші азат жолды оқу.
Бүгін сендер ағаш түрінде өз шежірелеріңді құрастыруға тырысып көресіңдер. Ол үшін, ең алдымен, слайдты көріп алайық.
Электронды қосымшадан «Менің шығу тегім» слайдын көру.
Көптеген қазақтар өзінің шежіресін жақсы біледі.
Оқулықтағы мәтінді соңына дейін оқу.
Шежіре адамдарды көп нәрсеге міндеттеген. Ер адамдар лайықты өмір сүруге тырысқан.

Оқулық
Электронды қосымша Оқулық







Өйткені олардың өмірдегі жақсылықтары өздерінен кейінгі ұрпаққа азық болған. Олар аталарымен мақтанған. Немесе керісінше, аталары жаман іс-әрекетімен танылса, онда ұрпақтары өмір бойы ұялып өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет