Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: климат және ауа райы Табиғат жағдайлары және олардың әсері



бет76/113
Дата23.04.2024
өлшемі438.28 Kb.
#499660
түріСабақ
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113
Дүниетанудан 3 сыныпқа ҚМЖ топтамасы

Тәуке ханның басқарған тұсын (1680-1718 жж.) қазақ тарихының «алтын ғасыры» деп
атайды. Бұл кезеңде дау-дамайлар, өзара қырқысулар азайды, шаруашылықтар дамыды, сауда- саттық гүлдене түсті.
Тәуке ханның тұсында шығыстан жоңғарлар жиі шабуылдап, қазақтарды қоныстарынан
ығыстыра берді. Осы жағдайлар сұлтандар арасындағы жайылым жерлер үшін күреске алып келді. Осындай мәселелерді алдын алу үшін Тәуке хан заңдар жинағын құрастыруға бекінеді. Тәуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен,
батырлығымен дараланған тұлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Билер кеңесін құрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жинағын қабылдады.
Орыс тарихшысы А. Левшин Тәуке хан жайлы былай деп жазды: «Ол бірнеше жылдарға созылған қантөгіс соғыстарды, өзара қырқысуларды тоқтатты, өзінің ақылымен және
әділеттілігімен басқаларды бағындыра білді, мықтыларды тыныштандырып, әлсіздерді біріктіру арқылы күштілерге қарсы тұра алатындай жағдайға жеткізді».
Слайд-презентацияны көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.
(Т) Оқушылар «Қасым хан», «Жәңгір хан», «Тәуке хан» деген топтарға бөлінеді. Топтарға тапсырма
1. Қасым ханның (Жәңгірдің, Тәукенің) билеген кезеңіне сурет түрінде рәміздер ойлап табу.

Электронды қосымша
Ватман мен маркерлер
Дәптер

Электронды қосымша









2. «Қасым хан» («Жәңгір», «Тәуке») тақырыбында шумақ құрастыру
Топтардың жұмыстарды көрсетуі
(ҚБ) «Квадрат» стратегиясы. Жаңа материалды қалай меңгергендігін тексеретін жаттығу. Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Жинақтап қорыту» және «Бағалау» деген сөздері бар төрт терезеден (квадраттан) тұратын кесте құрады. Жаңа материалды түсіндіргеннен кейін оқушылардан белгілі бір квадратты таңдауды ұсынады. Яғни, осылай таңдау арқылы әр оқушы тақырып бойынша орындау керек тапсырманың түрін өзіне таңдайды. Квадратты таңдауға байланысты мұғалім мына сұрақтарды қояды:

  1. Қазақ хандығы ары қарай қалай дамиды? (Болжау)

  2. Хандар қандай қызметтер атқарды? (Түсіндіру)

  3. Қазақ хандарына неліктен құрмет көрсетеміз? (Жинақтап қорыту)

  4. Қазақ жерінің аумағын кеңейткен Қасым ханның ісіне баға бер.

Тапсырмаларын орындау.




Рефлексия

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Кемел келешек туралы армандай отырып, келелі тарихты да естен шығармайық» деген болатын.
Осы сөздерді қалай түсінесіңдер, бір сөйлеммен айтыңдаршы.
Оқушылардың жауаптары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет