Процедураны орындау
1. Ерітіндіге батырылған 6-8 қабатты дәкелі салфетканы теріге қою.
|
Дәкелі салфетка зақымданған ошақтан 2см жоғары болу керек.
|
2.Компресті қағазды (клеенкені) ылғалды салфеткадан 1,5-2см жоғары етіп жабады.
|
Компрестің әр келесі қабаты 2см-ге үлкейтіліп отырады.
|
3. Мақта қабатын қою.
|
Мақта қабаттың қалыңдығы 1,5-2см.
|
4. Компресті бинтпен орау.
|
Компресті бинтпен денеге тығыз жабыстырып орау.
|
Процедураны аяқтау
|
1. 5-30 минуттан кейін науқастан нені сезініп жатқанын сұрау.
|
Науқас жылуды сезінеді, компресс жүріп-тұруына кедергі жасамайды.
|
2. Уақытты белгілеу.
|
Компресті 6-12 сағатқа дейін ұстау, спиртті компресті 4-6 сағатқа ұстауға болады.
|
3. Компрестің теріге тиген қабатына саусақты сұғу арқылы дұрыс қойылғанын тексеру.
|
Қыздырма компресті дұрыс қойғанда, салфетка ылғалды болуы керек.
|
4. Компресті алып, теріні кептіру.
|
6-8 қабатты салфетка, компресті алғаннан кейін де ылғалды болып тұруы керек.
|
5. Компресс қойылған жерді құрғақ әрі жылы матамен орау.
|
Бұл үшін мақта, дәке немесе жүн орамал қолданылады.
|