Сабақ Өткізу әдісі: түсіндіру,көрнекілікпен көрсету


Ыстық компрессті қою көрсеткіші



бет11/14
Дата30.09.2022
өлшемі213.64 Kb.
#461714
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
темы ОСД

Ыстық компрессті қою көрсеткіші: Бауыр, бүйрек және ішектің спастикалық коликасы кезінде қолданады және бұл ауырсыну сезімін басады.
Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ыстық су (60-70 ºС), 40% клеенка немесе компресті қағаз, бинт, қайшы.
Қою әдісі: t-60-70ºC ыстық суға дәкелі салфетканы батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Үстін клеенкемен және науқастың үстіне көрпе жабады. Бұл компресті әр 5-10 минут сайын ауыстырады.
Суық компресс
Суық компресті қою көрсеткіші: мұрыннан қан кету кезінде, әр түрлі жергілікті қабыну процестері кезінде, ауырсыну және қан тамырларды тарылтады. Суық компресті және де лихорадка жағдайында және бірден айқын психикалық қозу кезінде де қолданады.
Қажетті құрал-жабдықтар: 2 дана - 8 қабатты дәкелі салфетка, лоток, салқын су.
Іс -әрекеті:
Бұл әдісті орындау үшін дәкелі салфетканы мұздай суға батырады, сығады және дененің белгілі бір аймағына қояды. Компресті әр 2-3 минут сайын бір сағат бойы ауыстырады. Екі дәкелі салфетканы қолданған жөн, яғни біреуі суда малынып тұрса ал екіншісі дененің белгілі бір аймағына қойылады. Науқастың жағдайына байланысты бұл процедураны бір саат ішінде қолданады.
Жылытқышты қою іс әрекеттері.
Әсер ету механизмі: бұлшық еттердің босаңсуын тудырады, ішкі мүшелерде қан айналуын жақсартады, ауруды жеңілдетеді.
Әзірлеу қажет:

  • резеңке жылытқыш;

  • қызуы 700С су;

  • сүлгі;

  • вазелин;

  • зарарсыздандыру ерітіндісі.

Іс әрекеттері:

  1. Жылытқыштың 2/3 бөлігін ыстық сумен толтырыңыз.

  2. Жылытқыштағы ауаны шығарыңыз.

  3. Аузын жақсылап бекітіңіз.

  4. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып төңкеріп, бүтіндігін тексеріңіз.

  5. Жылытқышты құрғата сүртіңіз.

  6. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.

  7. Жылытқышты пациентке беріңіз.

  8. 5 минуттан соң терінің қызармағандығын тексеріңіз.

  9. Жылытқыш суыған соң алыңыз.

  10. Жылытқышты пайдаланып болғаннан соң зарарсыздандыру ерітіндісімен екі рет, араға 15 минут салып, тазалаңыз. Сонан соң суда жуып, құрғатып сақтаңыз.

Асқынулар: - күйіктер;
- тері пигментациясы.
Есіңізде сақтаңыз: денесінде ісігі бар және терісі сезімтал, сонымен қатар балаларға жылытқышты қолданғанда су өте қатты ыстық болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет