2.2. Сабақ процесінде проекциялық аппараттарды пайдалану.
Соңғы жылдары проекциялық аппараттарды сабақта пайдалану арқылы өтетін материалдар ерекше қызықты, оқушылардың ой -өрісін дамытып, түрлі оқушыларға байланысты құрылған сюжетті әңгімелерді нақты көрсетіп түсіндіруге көптеп ықпалын тигізіп жүр.
Сабақтарында диаскоп, эпидиаскоп, фильмоскоп, диапроектор, диапозитивтерді, фотосуреттерді, чертеж, схема, сурет, тілдік модельдерді, кестелерді көрсетуге болады.
Мектепте экрандық суреттеу екі түрлі жолмен іске асырылады: бірі динамикалық проекция, екіншісі статистикалық проекция. Статистикалық проекция екі түрге бөлінеді: диаскопиялық және эпископиялық. Диаскопиялық жолмен диафильм және диапозитивтер көрсетіледі, ал эпископиялық проекциялау арқылы суреттер, сызбалар, түрлі суреттер көрсетіледі.
Диапроекция арқылы көрсетілген зат мөлдір де анық болады. Ал эпипроекцияда зат күңгірт көрінеді.
Диаскоп – кәдімгі проекциялық фонарь сияқты аппарат. Сабақтарда диаскоп арқылы кез -келген тақырыпқа байланысты схема кестелерді көрсетуге болады. Ерекше дыбыстарының айтылуы мен жазылуын оқушыларға қатар үйрету үшін диаскоп пен магнитофонды қатар пайдалануға болады. Мысалы, магнитофоннан Ә деген дыбыс туралы мәлімет беріледі – жіңішке дауысты дыбыс, езулік, ашық дауысты дыбыс. Әпидоскоптан мына схема көрсетіледі : Ән , Әл, Сән, Сәт, Сәл , Әр,
Әсем т. б.
2.3. Сабақ процесінде компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістері
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ашсына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы-білім беру жүйесін жетілдіру, елдің инттелектуалдық потенцияалын көтеру. Білім беру-аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, қүқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қоғам дамуындағы жас ұрпақты тәрбиелеудің құрамды бөлігі білім беру болып саналады. Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Осы істі жетілдіру-мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Білім беру, оқыту мәселесі әрбір қоғамның әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты.
Жаңа экономикалық жағдай және тенденция қоғам дамуының ерекшелігіне байланысты білім беру жүйесін, оқыту ерекшелігін түбірімен өзгертуді талап етеді. Ол біздің еліміздегі прогрессивті технологияның дамуы. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру, компьютерлермен қамтамассыз ету, аса жоғары озық технологиялармен жұмыс жасау дәуірінде білім беру ғылыми-техникалық өрлеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер білім берудің сатылары жөнінде айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, сондай-ақ қазіргі кезде он бір жылдық, жобадағы өзекті мәселелердің бірі- он екі жылдық орта және білім беру ұғымдары пайдаланылады.
Мемлекетімізде қазіргі уақытта білім деңгейін дамыту, оқыту сапасы мен көрсеткішін көтеру мақсатында көптеген өзгертулер, толықтырулар және енгізулер қолданып жатыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы бектілген. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы -мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын аиқындайтын ғылыми-теориялық әдіснамалық құрал болып табылады. Тұжырымдамада төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қойылған:
Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.
Сондай -ақ мынадай міндеттері атап көрсетілген:
- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;
- білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
- білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
- білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
- кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тетіктерін құру;
Тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесінде тиімді жұмыс істейтін білім берудің Қазақстандық моделі жасалынып, Қазақстанның бүгінгі дүниеден лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадр даярлаудың сапалы жоғары деңгейіне қол жеткізетін болады.
Дегенмен де, мұнымен шектелмей мемлекетіміз Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын қабылдады.
Оның мақсаты төмендегідей:
Адам ресустарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту.
Міндеттері төмендегідей болып келеді.
- халықтың барлық жүктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- білім беруді одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік-құқыктық базасын жетілдіру;
- 12 жылдық білім беруге көшу;
- білім беруді халықаралық стандартты жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау;
- білім беру жүйесінің материалдық – техникалық базасын нығыйту;
- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерінің даярлау.
Бұл Тұжырымдама және Бағдарлама еліміздің барлық орта және жоғары оку базасын, оқыту принциптерін, білім беру талаптарын өзгертуге айтарлықтай ықпал жасады.
Соның ішінде, біздің бөліп айтқымыз келіп отырғанымыз оқушыларға кәсіптік білім беру жүйесі.
Сондай-ақ Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені де айқындап отыр. Демек, жоғарыда аталған маңыздағы мәселелер қазіргі оқушыларға кәсіптік білім беру, белгілі маман иесі етіп тәрбиелеу көкейкесті шара екенін айқындап отыр.
Осыған байланысты оқушыларға "Автоісі" пәнін, оның ішінде "Автокөлікті жөндеу жұмыстарын" оқыту процесін ерекше бөліп айтқым келіп отыр. Бұл жұмыстар аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сол себепті "Автокөлікті" жөндеу жұмыстарын оқыту кезінде жоғары педагогикалық қабілетті көрсету тек міндетіміз ғана болмай, сондай-ақ азаматтық борышымыз деп те санаған жөн. Қазіргі кезде жас жеткіншектерді заман ағымына сай оқыту өзекті болып отыр. Сондықтан оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану әдісін ұсынамын. Өйткені техникалық құралдарды пайдалану оқушылар саласына үлкен өзгертулер енгізіп, білім алуға деген қызығушылығын арттыруына ықпал жасайды.
Адам баласы ежелгі тас дәуірінен бастап тіршілік ету мақсатында әртүрлі кәсіппен айналысты. Аң аулады, терімшілікпен айналысты, тас, ағаштардан әртүрлі еңбек құралдарын жасады. Аңдардың, жануарлардың жүні терісімен киім тоқуды білді. Сонымен қатар, өз білгендерін өзгелерге үйретті. Осылайша адамзат баласы уақыт өте келе технологияның алғы жетістіктеріне жете берді. Яғни, қолдан жасаған бұйымдарын, қолөнер туындыларын бір жерден екінші жерге жылдам әрі сенімді тасымалдау үшін, сондай-ақ алыс жерге уақытында жету үшін адам ат үстінен түсіп автокөлікке ауысты. Автокөлік-тасымалдау құрал ретінде ел арасында үлкен сұранысқа ие болды.
Алайда, кез-келген автокөлік өзіне техникалық күтім жасауды, жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы мәселені зерттеу келе біз оқушыларға "автокөлікті жөндеу жұмыстары тарауын оқытуды қарастырдық. Біздің негізгі мақсатымыз-аталған тарауды қалай оқытамыз, оқытуда қандай техникалық құралдарды пайдаланамыз және пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
Оқу барысында техникалық құралдарды оқыту әдістерімен ұштастыру білу керек. Техникалық құралдардың түрі көп және әрқайсысының пайдалану мүмкіндіктері алуан түрлі. Дегенмен копьютер көмегін пайдалану ерекше маңызды екні белгілі. Қазіргі технологияның прогрессивтік дамуына орай, оқушыларға білім беруде тиісінші жаңаша тәсілдер қажет. Бүгінгі күні компьютер адам өмірінің барлық сферасында айқын орын тапқан.
Біз жаңа оқу әдістемелік құрал жасадық. Компьютер көмегімен оқыту-соңғы оқу ішіндегі ең тиімдісі екені анық. Алдымызға қойылған міндеттер мен талаптарды орындау негізінде, оқу процесінде оқытудың интерактив әдісін қолдануды ұсынамын.
Компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістерін пайдалана білу керек. Қазіргі кезде барлық мектептер компьютермен қамтамасыз етілген. Сондықтан да компьютерде электронды оқулықтарды пайдаланып оқытудың маңызы зор. Балаларға техникалық білім беріп, техникалық мамандыққа оқыту-заман талабы. Сондықтан да компьютер көмегімен оқытудың тиімді әдістерін қолдана білу әр мұғалімнің абыройлы міндеті.
Оқыту әдісін заман талабына, өмір мұқтажына тың зерттеулермен толықтыра отырып, жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту әр ұстаздың парызы. Қазіргі таңда оқыту процесінде компьютер мен ақпараттық технологияны пайдалану оқытудағы білім мен тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында тиімді де пайдалы жолын қарастыру болып табылады. Бұл ретте ұстаз жол сілтеуші қызмет атқарып, оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге, тапсырмалар мен тест жұмыстарын орындаудағы дербестігі мен ізденісі танылады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін әр ұстаз өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес компьютер тілін білуі қажет.
Осы орайда әдебиет сабағынан 11-сыныпта өтілетін «Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні» деген компьютер арқылы өтетін электронды оқулықпен жұмыс сабағының өту жоспарын ұсынып көрейік. Сабақтың мақсаты.
1. Ой тұнығынан шыққан мазмұны терең, өрелі жасқа өріс болар асыл ойдың құдіреті шешендік сөздерді ұқтыру.
2. Астарлы ой мен сөз мағынасын түсіндіру.
Сабақты жүргізудің мақсаты, оқушылардың бойына елді, туған жерді сүюге, батырлық пен елдікті, ізгілік пен жақсылықты дәріптеп, әділдік үшін күресуге, ел қамын жейтін қамқор азамат болып өсуге тәрбиелеу. Бұл міндетті нақтылау үшін оқушыларға тағы да электронды оқулықпен «Қазақ халқының ұлттық шешендік сөздері» деген файлды ашқызып, өз беттерімен оқып алған соң, дәптерлеріндегі алдын ала жазылған сұрақтарға жауап жаздыру керек. Шешендік сөздер туралы пікір айтқан зерттеушілер мен ғалымдарға тоқтала келе, тәрбиелік міндетті толықтырып, оқушы ой толғау үшін осы оқулықтағы арнайы «Қазыбек бидің шешендік сөздері» деген тақырыпты ашып:
Не қымбат? Не жақын? Не қиын? деген сұрақтарға жауап іздейді. Қазыбек бидің орамды сөзбен қиыстырған шешендік сөздерінен мысалдар келтіреді.
1. Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт – берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
2. Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса, ағайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
3. Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Жанышқылаған жау қиын,
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын, - деген би жауабының толық түрін оқушы оқып, асыл ой түйіндеп, тағлым алары сөзсіз. Бұл сабақ арқылы ұстаз оқушылардың білімі мен дүниетанымын, ой-өрісі мен эстетикалық сезімін, патриоттық рухын, ділмәр шешендігін, терең де еркін ойлай білуін дамытады. Электронды оқулықпен жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдерін болашақта дамыта отырып, өзін -өзін тәрбиелеуде септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |