Сабақ процесінде жазба көрнекіліктерді пайдалану


Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету



бет13/15
Дата20.06.2022
өлшемі371.5 Kb.
#459372
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Бастауыш мектептің оқу процесіндегі көрнекілік принципі және оның ролі

Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл ұстарту мұғалім оқушыларды текспен дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілердің қалай қойылатынын аңғарту, қазақ тілінің көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білуге дағдыландырады. Мәнерлеп оқуға үйрететін текстерді, өлең - тақпақтарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды.


Магнитофон арқылы өлең тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлең жаттамас бұрын мұғалім қиын сөздерге түсінік бсреді. Өлеңнің мазмұнын оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофоннан тыңдатылады.
Біраз мектептердің ІV- VIII сыныптарының жазба жұмыстарын тексергенде, оқушылардың сөз ішіндегі әріптерді естілуінше жазатыны байқалады.
Атап айтқанда, дауысты мен дауыссыздардың емлесін білмеу, шылау мен жалғауларды ажырата алмау, сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастыру, қос сөздердің, біріккен мен қысқарған сөздердің емлесін білмеу, күрделі етістіктерді жаза алмау, тасымал, буынға бөлу, үндестік заңын білмеу, қосарлы дыбыстардың бір сыңарын тастап кету, диалог сөздерді жаза білмеу, сұрау белгісі мен леп белгісінің орнын шатастыруы жазба жұмыстарында кездесіп отырады.
Сондықтан қате көп жіберетін ережелерді нақтылап, үнемі магнитофоннан тыңдап, соған байланысты мәтінді талдап немесе жатқа жаздырып, сөйлем, сөздерді ойдан таптырып қалай да қате жібермеу үшін жұмыс істеуге болады. Мысалы магнитофонға күні бұрын мынындай ережелерді жазып қоюға болады.
1. Сөздің кейінгі буындарында ұ- естілгенімен, ы- жазылады. ү- естілгенімен - і- жазылады. Мысалы: кұ-лын , жұ-лын, кү- міс , жү -зім , күн- дік т. б.
2. Сөздер буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалды оқушылардың өздеріне таптырып, талдау жасату керек.
3. Дауыссыз дыбыстың ешқайсысы дауысты дыбыссыз буын жасай алмайды. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп тұрып та буын құрай алады. Мысалы: ас, ас-тық, ас-тық-тың, ба- ла, ба- ла- лар т.б.
Оқушылар магнитофоннан қайта - қайта тыңдау арқылы ережені тез ұғып алады. Магнитофон арқылы жастарға ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаздырып, тындай отырып, жаздыруға болады.
Бұндай сабақ окушылардың танымдық қасиетін арттырумен қатар, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелейді.
Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру.
Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Көрнекілік әдіс – барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен де өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Көрнекілік әдістерін екі топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар: плакат, кесте, картина, карта, суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі. Оқу процесіне жаңа ақпараттық-техникалық құралдарды енгізу оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтуде. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге, интербелсенді тақталарға, электрондық оқулықтарға ерекше көңіл бөлініп, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлер енгізілді. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік беріп отыр.
Оқу процесінде қолданылатын көрнекілік түрлерін атап өтсек:
-Табиғи көрнекілік: оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстырады.
-Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
-Суретті көрнекілік: нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, мылқау кинофильмдер).
-Жасанды көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, плакаттар, портреттер, панорама.
-Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, үнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
-Символдық және графикалық көрнекілік: карта, жоспар, сызба, диаграмма. (абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді)
-Техникалық көрнекіліктер: киноаппараттар, диафильмдер, диопроэкторлар, эпидиаскоптар, телевизор, радио т.б.
Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:
• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
• сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгіні түсінбей қалады;
• көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
• оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, көрнекілікті балалармен бірге жасау;
• көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
• балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Мысалы ағылшын тілін, немесе кез-келген басқа тілді үйретуде де ең нәтижелі және жиі қолданылатын әдіс – көрнекілік әдіс.
Әсіресе, бастауыш және орта буын оқушыларына түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтар мен макеттерді көрсету арқылы сөздерді, сөз тәркестерін үйретіп, сөйлеуге баулуға болады. Көрнекілік өтіп жатқан тақырыпқа сай, көзге тартымды, эсттетикалық жағынан талапқа сай, көлемі ірі. екі немесе үш түстен болуы қажет деп есептеймін. Мысалы, «Спорттық киімдер», «Дүкенде», «Дәрігерде» тақырыптарын өткенде киімдердің, қажетті заттардың суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді, бұйымдарды көрсету арқылы жүзеге асыруға және әр түрлі тірек кестелер, тірек сөздер, сызбалар арқылы да сөздерді , сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың маңызы зор.
Көрнекілік әдісі — оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, обьектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, обьектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар-атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері:
Демонстрация әдісі арқылы заттар менқұбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кинофильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесі жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі-жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көніл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндетті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізілген. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет