2 - қатар.
Қойдың суреті бойынша.
1. Қой аузынан шөп алмас.
2. Қой мінезді . т.б.
3 – қатар.
Сиыр суреті бойынша.
1. Сиырдың бүйрегіндей.
2. Өгіздей өкіру. т. б.
Жылқы суреті бойынша.
1. Жылқы мінезді.
2. Тайға таңба басқандай.
3. Тайлы тұяғымен.
4. Ат шаптырым жерде.
Оқушылар түлік малдың суретіне байланысты басқа да тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағыналарын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Кім көп тұрақты тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп көрсетеді.
Енді оқытушы тақтаға жылдың төрт мезгілінің суретін іледі, оқушылар суретке қарай отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін тұрақты тіркестерді тауым жазады.
Мысалы:
1. Жаз.- жаны жаз, көңілі жаз. т. б.
2. күз- жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б.
Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан-жақты пысықтап, толықтырып отыруға болады. Сурет бойынша оқушыларға жазба жұмысын жаздырып, тіл ұстарту жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға мазмұндама жаздыруға да болады. Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманы жазу да, латын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға соқпай өтпейді. Өйткені мұғалім мәтінді алдын ала дайындайды. Олардың бір айырмашылығы - мәтінге қосымша сол оқиға желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын түсіндіруге, суретте бейнеленген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық қиялын дамытады.
Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:
1. Белгілі бір эңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжет арқылы жаздыратын мазмұндама.
2. Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру.
3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру.
Суреттер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес, түрлендіріп отыруға мүмкіншілік бар. Атап айтқанда, сюжетті суреттер бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып, оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді мәтін бойынша бір жүйеге келтіріп те мазмұндама жазуға болады. Мұндай жұмыстар оқушының ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық икемін арттырады.
Сурет бойынша мазмұндаманы былай жүргізуге болады:
1. Тақтаға жайлау, қой бағып жүрген шопанның суреті сонымен бірге шопанның жанында жүрген бірнеше мектеп оқушылары және кішкене қошақандардың жүгіріп жүрген суреті ілінеді.
2. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балаларға шопанның ауыр еңбегі, көктем кезіндегі қойлардың төлдеуі туралы кыскаша әңгімелеп өтеді.
Балаларға мұндағы оқиға желісіне зерделі, мұқият қараулары тапсырылады. Балалар біраз уақыт ойланғаннан кейін, мұғалім жалпы сыныпқа мынандай сұрақтар қойып, оған берілген жауаптарды іріктейді.
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Көктем мезгілі екенін қалай дәлелдейсіңдер ?
- Ауа райы қалай болып тұр?
- Сонау қыратта жайылып жүрген не ?
- Қойдың төлдеу кезеңі туралы не білесіңдер?
- Шопан еңбегі туралы ие білесіңдер?
- Үлкен құрмет кішіге ізет деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Шопандарға көмектесіп жүрген оқушыларды кім деп айтуға болады?
Осы сұрақтарға толық, дұрыс жауап алғаннан соң, мұғалім :
- Енді осы суретке қандай тақырып қойсақ екен?, - деп сұрайды.
Балалар түрлі тақырыптар ұсынады. «Көктемде», «Қой төлдегенде», «Оқушылар көмекке келгенде», «Жайлауда», «Оқушылар көмекке келгенде», «Шопанның жас көмекшілері» т. б. Мұғалім осы суреттер бойынша даярлап келген мәтінді мәнерлеп оқиды.
«Шопанның жас көмекшілері» деген тақырып қояды. Мұғалім тақырыпты белгілеп болған соң былай деп сұрақ қояды.
1. Балалар көктем көріністері қалай суреттелген кім тауып оқиды. Екі оқушы мәтіннен көктем туралы айтылған сөйлемдерді тауып, мәнерлеп оқиды. Бұл сөйлемдер суретеп салыстырылады.
Мұғалімнің: «Көктемде шопанның еңбегі неге ауырлай түседі»,- деген сұрағына бір оқушы мәтіннен жауап тауып, дауыстап оқиды.
Мәтіннің қалған бөліктері де осылай сұрақ жауап тауып, дауыстап оқылады.
Мәтінге мұғалімнің көмегімен жоспар түзіледі. Жоспар үлгісі:
1. Көктем көріністері.
2. Шопан еңбегі.
3. Қой фермасында.
3. Оқушылар еңбегі.
4. Еңбектің жемісі.
Сюжетті суреттерді пайдаланып, әр сабақта сөйлем құратуға, мәтін жаздыруға, сол мәтіндегі сөйлемдер арқылы фонетика, морфология, синтаксис саласы бойышна талдау жасатуға болады. Сюжетті суреттерді география, биалогия, жаратылыстану, химия т.б пәндерді өту барысында да көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |