5. Сабақ тақырыбына ұсынылатын әдебиеттер және WEВ сайттар тізімі
Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. –М., Педагогика. 1995.
Кожабаев К.Г. О воспитательной направленности обучения математике в школе. Книга для учителя. –М., Просвещение. 1988.
Бидосов Б.Е. Математиканы оқытудың әдістемесі. -А, 1995.
Абілқасымова А.Е., Көбесов А.К. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. -А, 1998.
Практикум по методике преподавания математики в сред. шк. / Под ред. В. И. Мишина. –М., 1993.
Кенеш Ә. С. Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері. А., 1999.
Рахымбек Д., Бейсеков Ж., Шарипов Т. Математиканы оқыту әдістемесі. Шымкент, 2006.
Темербекова А.А. Методика преподавания математики. Москва, «Владос», 2003.
Есмұқан М.Е. Математиканы мектепте ақпарлық технологиямен оқыту, Көкшетау, 2002 ж. 327б.
№ 5 Сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспары
2.Сабақ мақсаты мұғалімнің сабаққа дайындалуы және сабақ жоспарымен танысу
3.Оқыту әдістері Дәріс слайттары мен интерактивті тақтаны пайдалану
4. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1) Мұғалімнің сабаққа даярланудың маңызды буындарының бірі
2) Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері;
3) Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау;
4) Қорытынды жасау, ұсыныстар әзірлеу.
5) Жоспарлаудың міндетті құжаттарына
6) Білім беруді дамыту үшін
7) Ұйымдастыру
8) Сабақ жоспарын құруда төмендегідей нұсқаулар беріледі
9) Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері
10) Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі
11) Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау
12) Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері
13) Сабақ мақсаттарын талдау
14) Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау
15) Сабақ мазмұнын талдау
16) Сабақты өткізу әдісін талдау.
17) Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау.
18) Білім, білік, дағдыларының сапасы:
19) Өзін-өзі талдауға қойылатын жалпы талаптар
20) Сабақ түрі мен құрылысы
1-тапсырма. Мұғалімнің сабаққа дайындау жүйесі үш кезеңнен тұрады: жаңа оқу жылына дайындық; тақырып бойынша сабақтар жүйесіне дайындық; келесі сабаққа дайындық.
2-тапсырма. Мұғалімнің жаңа оқу жылына дайындығы күнтізбелік жартыжылдық жоспармен аяқталады. 7 сынып геометриясы бойынша жартыжылдыққа тақырыптық жоспар құрыңыздар. Геометриядан мұғалімге арналған әдістемелік құралды қолдаңыздар.
3-тапсырма. Бір тақырып бойынша сабақ жоспарын жасаңыздар. Өзіндік және бақылау жұмысын өткізу уақытын белгілеңіздер.
4-тапсырма. Қосымша үй тапсырмасын оқушы белгілі мерзімде орындаған жоқ (30 тапсырма). Мұғалім математика пәні басқа пәндерге қарағанда, негізгі пән болып табылады деп, барлық оқушыларға екі қойды. Осындай мұғалімнің қатал әрекеті педагогикалық білімсіздікті, төмен мұғалімдік шеберлікті көрсетеді. Осы жағдайда мұғалім қандай әрекет жасау керек? Көп берілген үй тапсырмасын орындауды барлық оқушылардан талап ету дұрыс па? Осындай қосымша есептерді шешуді сыныпта қалай ұйымдастыру керек?
Достарыңызбен бөлісу: |