1.Сабақтың тақырыбы:Математиканы есептер арқылы оқытып үйрету
2.Сабақ мақсаты математиканы есептер арқылы оқытып үйрету ережелері
3.Оқыту әдістері Дәріс слайттары мен интерактивті тақтаны пайдалану
4. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1) Математиканы оқытудағы есептің ролі
2)Математикалық есептердің іс-тәжірибелік мәні
3)Оқушылардың ойлау дағдысын дамытудағы математикалық есептердің мәні
4)Дәлелдеуді қажет ететін есептер
5) Математиканы оқытудың маңызды
6) Есеп шығаруды жеткілікті дәрежеде меңгеру үшін қандай тәсілдерді үйрету керек
7) талдау
1-тапсырма. Есеп шығаруға төмендегідей талаптар қойылады: қатесіз шығару, негіздеу, толық шығару, мүмкіндігінше тиімді жолмен шығару. Әр талаптар бойынша түсініктеме беріңіздер.
2-тапсырма. Мектепте математика есептерін дәстүрлі шешудің кемшіліктерімен танысып, олардың негіздерін айтыңыздар. Оларды жою жолдары қандай?
3-тапсырма. Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Олар көбінде бір-бірімен байланысты. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер және қандай түрлерге бөлінеді?
4-тапсырма. Есептер арқылы тәрбиелік міндетін орындайды дегенді қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбы бойынша есептерді қарастырыңыздар. Қандай есептерді шешуде тәрбиелік мәні зор?
5-тапсырма. Математиканы оқытуда есептерді дамыта шешу міндеттерін қалай түсінесіздер? «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар» тақырыбының есептеріне осы көзқарас бойынша талдау жасаңыздар.
5. Сабақ тақырыбына ұсынылатын әдебиеттер және WEВ сайттар тізімі
Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. –М., Педагогика. 1995.
Кожабаев К.Г. О воспитательной направленности обучения математике в школе. Книга для учителя. –М., Просвещение. 1988.
Бидосов Б.Е. Математиканы оқытудың әдістемесі. -А, 1995.
Абілқасымова А.Е., Көбесов А.К. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. -А, 1998.
Практикум по методике преподавания математики в сред. шк. / Под ред. В. И. Мишина. –М., 1993.
Кенеш Ә. С. Математикалық ұғымдарды оқыту негіздері. А., 1999.
Рахымбек Д., Бейсеков Ж., Шарипов Т. Математиканы оқыту әдістемесі. Шымкент, 2006.
Темербекова А.А. Методика преподавания математики. Москва, «Владос», 2003.
Есмұқан М.Е. Математиканы мектепте ақпарлық технологиямен оқыту, Көкшетау, 2002 ж. 327б.
№ 8 Сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |