Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Қар кесегі» әдісі
(Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұп ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт,бес,алты жауап бір жауап болып біріктіріледі.)
Ортақ сүрақтар:
|
Оқулық.
«Қар кесегі» әдісі.
|
О ртасы
10 минут
|
Қолдану
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Жәндіктер – белсенді ұшуға қабілетті жалғыз омыртқасыз жануар- лар. Ұшу үшін көп энергия керек. Сондықтан оттек керек.
Қаны болатын жануарлардың ішінде тек жәндік қаны газдар: оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдамайтыны естеріңде болар. Себебі жәндіктерде ғана тыныс алу мүшелері жүйелерінің оттекті тікелей бүкіл дене жасушаларына жеткізеді. Жәндіктердің басты тыныс алу мүшелері – кеңірдек. Кеңірдек – жәндік денесінде күшті тармақталатын тыныс алу түтікшелері. Олар дене жабыны – хитиннің өсіндісі (впячивание) сияқты түзілген. Олар іште ойысқан дене жабыны – хитин сияқты. Кеңірдек – жәндіктерде ғана емес, өрмекшілерде де тыныс алу мүшесі қызметін атқарады. Себебі құрлықты игерген алғашқы омыртқасыздар өрмекшілер болған. Өрмекшілерде де бұл түтікшелер жәндіктерге қарағанда едәуір қысқа және нашар тармақталады. Жәндіктердің кеңірдектерінің ерекшелігі: ұштары тірі жасуша- ларды тесіп өтетін микроскопиялық құрылымға айналады. Кеңірдекті микроскопсыз көруге болады. Егер шыбын немесе инелік қанаттарын қарасақ, олардың мөлдір қанаттарының ішінде талшықтар (жилка) қалады. Талшықтар ішінде кеңірдек болатын қуыс болып табылады. Онда газдарды тасымалдай алмайтындықтан гемолимфа деп аталатын жәндік «қаны» жүреді.Кеңірдек ауа түсетін тесік (дыхальце) деп аталады. Олар жәндік құрсағының сегменттерінде әр жағында екіден орналасқан. Жәндік құрсақ бұлшық етін жиырған кезде ол қозғалады (қимылдайды), ал кеңірдектегі ауа жаңарады. Омыртқалылардың тыныс алу мүшелері.Омыртқалы жануарлардан ең бірінші балықтар
пайда болды. Олар суда тіршілік етеді. Судан еріген оттекті алу үшін ерекше тыныс алу мүшесі – желбезектер керек. Барлық балықтар желбезектері арқылы тыныс алады. Әртүрлі балық түрлерінде желбезек құрылысы ұқсасболады. Балық желбезегі үш бөліктен: желбезек доғасы, желбезек жапырақшалары және желбезек талшықтарынан тұрады. Желбезек доғасы тірек үшін керек. Оған талшықтар мен жапырақшалар орналасады. Желбезек талшықтары балық аузымен жұтатын сумен бірге желбезекке қорек қалдықтары түспеу үшін керек. Желбезек доғасы да, желбезекталшықтары да қатты. Олар сүйек түзілімдері болып табылады. Желбезек жапырақшалары ты - ныс алу мүшесінің басты қызметін – газалмасуды атқарады. Олар ашық қызыл түсті, себебі ұсақ қан тамырлары өткен Желбезек жапырақшаларында балық қанына судан алынған оттек түседі. Ал суға балық ағзасына керек емес көмірқышқыл газы шығарылады.
Судан шығарылған балық оттексіз тұншығып өліп қалады. Себебі желбезек жапырақшалары ауадан оттекті алуға бейімделмеген. Омыртқалы жануарлардың ішінде ең қуатты тыныс алу мүшесі құстарда сияқты. Себебі құстар ғана еркін ұша алады. Құстарда жердегі барлық омыртқалылардағы сияқты тыныс алу мүшесі өкпе мен ауа өтетін жолдан тұрады.
Ауа өтетін жол (воздухоносный путь) ауаның өкпеге жетуін қамтамасыз етеді. Оларға мұрын және ауыз қуысы, көмей, кеңірдек, бронхылар жатады. Өкпе – тыныс алу мүшесі; онда газалмасу жүреді: қан көмірқышқыл газынан босап, оттекпен қанығады. Құстарда ұшуға бейімделуіне байланысты басқа жануарларда жоқ тағы бір қосымша тыныс алу мүшесі қалыптасқан, бұл – өкпе қапшықтары. Ауа (өкпе) қапшықтарынан – өкпеден кейін орналасқан бронхы ұшының өсінділері; мүшелер арасындағы кеңістікті толтырады, тіпті ірі сүйек ішінде болады. Осындай бейімделуге байланысты құстарда қосарлы тыныс алу құбылысы пайда болады. Оның мәні мынада: от- текке бай ауа өкпе арқылы тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі рет өтеді. Тыныс алғанда ауаның бір бөлігі өкпе арқылы ауа (өкпе) қапшықтарын өтеді, ол жерде газалмасу жүріп үлгермейді. Ауаның басқа бөлігі өкпеде қалады да, оттекті береді. Тыныс шығарған кез- де көмірқышқыл газына бай ауаны, өкпе ауа өтетін қапшықтан оттекке бай ауаны алады. Бұл тиімді жүйе құс ағзасына ұшуға жеткілікті.
|
Достарыңызбен бөлісу: |