Джек Лондон «Ақ азу»
М.Әуезов «Көксерек»
А. Чехов «Аққасқа»
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлары
|
Әлем жазушылары шығармаларымен үндестігін салыстырады.
|
Ойын анық, жүйелі жеткізеді.
|
|
Шығарма идеясын ғаламдық тұрғыдан салыстырады,айқындап жазады.
|
|
Орфографиялық нормаға сай жазады.
|
2-топ тапсырмасы: Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясын ашудағы рөлін айқындайды.
Ерекше әсер еткен өлең жолдары
|
Ең қатты әсер еткен сөздер
|
Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясын ашудағы рөлі туралы ойым
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлары
|
Көркемдегіш құралдардың шығарма идеясын ашудағы рөлін айқындайды.
|
Шығарманы көркемдік ерекшелігіне талдайды.
|
|
Жанрлық ерекшелігін айқындап, сыни пікірін білдіреді.
|
3-топ тапсырмасы:Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Оқиғаның басталуы
|
|
Оқиғаның байланысуы
|
|
Оқиғаның шиеленісуі
|
|
Оқиғаның шешімі
|
|
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлары
|
Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
|
Әңгіменің басталуын анықтайды;
|
Басты оқиғаға түрткі болған оқиғаны (байланысын) анықтайды;
|
Оқиғаның дамыған сәтін талдайды.
|
Оқиғаның шешімін табады;
|
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақ: 4-тоқсан
|
Мектеп: №24 Ж.Сүлейменов
|
Күні: 25.04.2023 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: З.Әмзеева
|
Сыныбы: 11
| Қатысқан оқушы саны: |
Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Бөлім: Табиғат және адам
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
|
Оқу мақсаты
|
11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
|
Бағалау критерийлері
|
Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
|
Қызығушылықты ояту:
Суретке қарай отырып, сабақты суретпен, суретті суретпен байланыстырады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.
|
|
25 минут
5 минут
|
Тапсырма
«Тойдан қайтқан қазақтар» осы драмаға ұқсас жазылған қандай драмаларды білесіздер?
https://www.youtube.com/watch?v=Si6rtigch-I
«Күшік күйеу» туралы драмадан үзінді көрсетіледі.
Бұл драманы көргендеріңіз, Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» драмасын көргендеріңіз бар ма?
Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін оқушылар «Тойдан қайтқан қазақтар» поэмасының мазмұнымен танысады.
ТЖ. Ұсынылған бөлімдерге төмендегі үлгі бойынша мәтіндік талдау жасаңыз.
Құрылымы;
Негізгі идея;
Тірек сөздер;
Кейіпкерлерге мінездеме;
Көркемдегіш құрал;
Өмірлік қағида.
1-топ: «Жолаушы қарт» бөлімдері бойынша;
2-топ: «Асай Мүсеевтің шабармандары» бөлімдері бойынша;
3-топ: «Пойыздағы жағдай» бөлімдері бойынша;
4-топ: «Тойханашылардың әңгімесі» бөлімдері бойынша;
5-топ: «Пойыз жүргізуші қыздың кешірім сұрауы» бөлімдері бойынша;
6-топ: «Қарттың ізгі сөзі» бөлімдері бойынша талдайды.
«Сұрақтар жаңбыры»:
Шығарма авторы кім, қай жанрда жазылған?
Драмаға тән ерекшеліктерді атаңыз.
Ел ағалары қайда келді?
Драманың мақсаты не?
"Тойдан қайтқан қазақтар" драмасының кейіпкерлері кімдер?
Драма неше бөлімнен тұрады?
Драманың өзектілігі неде?
Асай Мүсеевтің «Оян қазақ» деуінде қандай мән жатыр?
Драманың бүгінгі өмірмен қандай байланысы бар?
Соңында автор қартты сөйлету арқылы оқырманға қандай ой тастайды?
Дескриптор
Драмаларды салыстырады.
Бөлімдерге мәтіндік талдау жасайды.
Сұрақтар жаңбырына жауап береді.
Өмірмен байланыстырады.
Кері байланыс әрі ойын түрінде
Әр топ оқушылары өздері айтқан ақпараттар негізінде қалған топтарға сұрақ қояды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Жеңімпаз топ анықталады.
|
Презентация
https://www.youtube.com/watch?v=fejV05miYB8
https://www.youtube.com/watch?v=Si6rtigch-I
|
Үйге тапсырма:
|
Осы драманың әр бөліміне сәйкес мақал-мәтел табыңыз.
|
|
Сабақтың аяғы
5 минут
|
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы
«Бүгін мен...................... білдім»
«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.»
« ......................... екенін түсіндім»
«Мен..................................... білім алдым.»
«.................. мені таң қалдырды.»
|
|
|
Тексерілді: Р.Ержанова
САБАҚ:
|
Мектеп: №24
|
Күні: 2.05.
|
Мұғалімнің аты-жөні: З.Әмзеева
|
Сынып: 11
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы
|
Оқу мақсаттары
|
11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау
|
Сабақтың мақсаты
|
Драманың идеясы мен автор қолданған көркемдегіш құралдардың байланысын анықтау
|
Бағалау критерийлері
|
Шығарманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын анықтайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дерек-көздер
|
Сабақтың басы
3 минут
|
Жылулық шеңбері. Оқушылар жаңа күнге бір-біріне сәттілік тілейді, көркемдегіш құралдары (эпитет, метафора, теңеу, метонимия) бойынша 4 топқа топтасады.
«Болжау» әдісі арқылы болжау жасайды:
Неге топқа дәл осылай бөліндік деп ойлайсыздар?
Топ атаулары арқылы сабақтың мақсатын анықтай аламыз ба?
«Тойдан қайтқан қазақтар» шығармасының көркемдік ерекшелігі неде деп ойлайсыздар? СЖ
Сабақтың мақсатын анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен бағалау критерийлрі таныстырылады.
|
|
Сабақтың ортасы
2 минут
20 минут
12 минут
|
Тапсырма №1. Жұптық тапсырма.
«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі арқылы шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар мен амалдар туралы жұптық талқылау жүргізеді.
Тапсырма №2. Топтық тапсырма.
С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін ажырату үшін талдау кестесімен жұмыс жасайды. ТЖ
1-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді
|
Қолданылған
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі
|
Қолданылған көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдардың қызметі
|
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Не болды? Біреу бауыздайын деп жатқандай, не болды сонша ойбайлап?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым, қарындасым! Сұлутөбеге дейін ала кетші!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қайдан көрсең осы – ылғи сандалбай қазақ! Сыған сияқты қаңғырады да жүреді. Үйлеріңде отырмайсыңдар ма? Билет қайда?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Билет жоқ!.. Билетті енді алайын деп тұр едім, депутатпын деп біреу тап алдымнан қақты да кетті.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Обалың депутатқа болсын! Билет жоқ болса орын да жоқ, бар айда!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым! Жүзің жылы жақсы бала екенсің!.. Мен түрегеп-ақ барам!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Жарайды, қанша бересің!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Бергенде – берем ғой... Өзінің бағасын берем!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Тапқан екенсің ақымақты!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Қарағым-ау, оқудағы балама барып... қазіргі кезде бала оқыту деген... Бұрын тек оқуға түсерде ғана беретін едік... Енді ай сайын... сессия сайын... Біресе ақша сұрайды... Біресе соғым сұрайды... Тіпті күріш, консерві сұрайтындары да бар... Бұл институт дегеннің мұғалімдері әбден құтырды.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қазір су тегін оқитын баяғы коммунизм жоқ, ағасы... Айтпақшы институтқа барған болсаңыз айдаладағы бұл станцияда нағып жүрсіз?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Осы жерде аталарымыздың ескі қорымы бар еді. Жол үсті болған соң құран оқи кетейін деп түсіп едім, қарағым!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Ха-ха! Міне, қазіргі жұрттың бәрі осындай! Біресе күнә жасап пара беремін дейді, біресе мұсылман болып, құран оқимын дейді.. Адамды өстіп ақымақ қылады. Басты қатырмай, анда, басқа вогонға барыңыз. /Вагонға кіріп кетеді/.
|
|
|
2-топтың тапсырмасы
Мәтіннен үзінді
|
Қолданылған
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдар түрі
|
| |
Достарыңызбен бөлісу: |