ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Енді... елге шыққан соң... жұмыстары сондай ауыр! Сосын көңіл көтерейін... дем алайын деп...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. /купеден басын шығарып/. Сіз, жолдас Пойыздың бастығы, бұл үшін дұрыстап жауап бересіз әлі!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жақсы-жақсы, Мэлис Әлібаевич!.. /Жолсерік келіншекке/. Әлгі... бірдеңең бар ма еді?
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Бар ғой... Жаңа айтып едім ғой, бірден қалпақтай түсіреді...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. /купеден басын шығарып/. Мыналар нағып сыбырласып кетті!.. Мэлис Әлібаевич дейім, құдайақы, осылар бір пәле ойластырып жатыр!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Қазір... қазір... кішкене сабыр ете тұрығыздар! /Жолсерік келіншекке/. Алып кел тез!
|
|
Бағалау критерийлері:
көркемдегіш құралдарды анықтайды;
көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды;
айшықтау амалдарының қызметін талдайды.
Тапсырма №3. Берілген үзіндідегі қолданылған көркемдегіш құралды және қандай мақсатта қолданылғанын анықтайды.
Сауалдар:
Берілген үзіндіде қандай көркемдегіш құрал мен амалдар қолданылған?
Автордың ол тәсілдерді қолданудағы мақсаты қандай?
Бағалау критерийлері:
- көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- көркемдегіш құралдарды қолданудағы автор мақсатын анықтайды;
- айшықтау амалдарының қызметін талдайды.
|
Сұлтанәлі Балғабаев
Тойдан қайтқан қазақтар
/«Қазақстан» пойызы/
/екі бөлімді комедия/
|