Сабақ тақырыбы Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? 2-сабақ. Оқу


XVIII ғасырдағы Үндістандағы жағдайға SWOT талдау жасаңыз



бет5/9
Дата29.09.2022
өлшемі44.19 Kb.
#461638
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. ДЖТ 7-кл. XVIII ғ Үндістан. Жауаптары

XVIII ғасырдағы Үндістандағы жағдайға SWOT талдау жасаңыз



Күшті жағы

Әлсіз жағы







мүмкіндігі

Қауіп-қатері











Конспект
Шығыс елдері үшін Жаңа заман отаршылдыққа түсіп, тәуелсіздіктен айрылған, ұлт-азаттық қозғалыстар заманы.
Еуропалықтардың Шығысты отарлауы үш кезеңнен тұрды.
1. XYI- XYIII ғасырдың ортасы -сауда отаршылдығы.
2. Өндірістік капитал дәуірінің отаршылдығы XVIII-XIX ғасырдың соңғы ширегі.
3. Империализм дәуіріндегі XIX ғасырдағы монополиялық капиталдың отаршылдығы
Ұлы географиялық ашылулар дәуірі еуропалық отаршылдыққа,жерлерді жаулап алу,тонау саясатына,шығыстың дәстүрлі құрылысын жоюға жол ашты. Африка, Америка,Үндістан елдері еуропалық отаршылдықтың құрбандарына айналса Қытай, Корея,Вьетнам, Жапония жабық есік саясатын ұстанды. Голландия Америка, Индонезия, Цейлонды, Ресей Сібірді,1784 жылы Алясканы,Амурды отарлап территориясын екі есеге ұлғайтты. XYII ғасырда еуропалық мемлекеттер Үнді мұхиты арқылы сауда жүргізіп Ост-Үнді компанияларын құрды. Компания әскері, флоты, мыңдаған әкімдері,сауда агенттері, аудармашылары бар ерекше құрылым болды. XYI ғасырда Ауғанстан, Солтүстік Үндістан Ұлы Моголдар мемлекеті деген атпен Бабыр биледі.Үндістандағы сауда мен отар иеліктері үшін француздар мен ағылшындардың арасында 1756-1763 жылдары жетіжылдық соғыс басталды. Жеке меншіктегі сауда компаниялары бүкіл Шығыс елдерімен саудада монополиялық билік жүргізген, Англия соғыста жеңіске жетіп Үндістанды отарлауға кірісті. XYIII ғасырдың 70-жылдары ең бай аймақ Бенгалияны отарлаған Ост-Үнді компаниясы 1773 жылы Үндістанды басқару туралы заң қабылдады.Үндістанның бірінші генерал-губернаторы болып ағылшын Уоррен Хейстинг тағайындалды. Үндістанның әкімшілік, сот, салық жинау, полиция т.б. қызметтерін ағылшындар өз қолына алды. Англияның өндірісінің өркендеуінде маңызды болған Үндістанда жібек,мақта,мата,кеме жасау салаларында мануфактуралар пайда болды.Саудаға қажетті өнім өндіру, жерді арзан бағаға сатып алу халықтың ағылшын отаршылдарына қарсы наразылығына әкелді.Биліктегілер елдерді тауар өткізу нарығы мен арзан шикізат көзіне айландырып капиталистік қатынастарды күшейтті.Батыс державалардың отаршылдық қанауы мен тонауы Шығыс елдерін метрополияның аграрлық шикізат көзіне айландырып экономикалық, саяси,мәдени жағынан артта қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет