Ағылшындар саудагерден қалай Үндістан билеушісіне айналды? 2-сабақ
Өнеркәсіптік төңкеріс кезінде Англияның қарқынды индустриялық дамуы шикізаттың жаңа көзі мен оларды өткізу нарығын іздеуін талап етті. Осылайша XVIII ғасырдың ортасынан бастап Ұлыбритания өзінің экономикалық мүддесін Үндістанмен байланыстырды. Нәтижесінде британдық Ост-Үнді компаниясы пайда болды.
Ұлыбритания патшайымы I Елизавета патенті бойынша Ост-Үнді компания кең құқықтарға ие болды.
Үндістандағы Британдық Ост-Үнді компаниясының құқықтары
Үндістандағы алғашқы ағылшын фактория-сауда қоныстары Сұрат пен Мадрас болды. Үндістан нарығы үшін күресте француз бен ағылшын колонизаторлары өздерінен басқа еуропалықтарды түгел ығыстырды. Үндістандағы француз ықпалын жойып, ағылшын билігін орнату жеті жылдық соғысқа (1756-1763 жж.) ұласты. 1757 ж. Плесси кезіндегі шайқаста Роберт Клайв бастаған ағылшын жеңісі британдықтардың Үндістанды біржола жаулап алуына жол ашты. Солайша Ұлыбритания отарлаушы мемлекет – метрополияға айналды.
Аллахабад бейбіт келісім шартына сәйкес (1764 ж. ағылшындардың жеңісінен кейін) Бенгалия, Бихара және Орисса халықтарынан сауда, басқару және салық жинау құқығы Ост-Үнді компаниясына бекітілді. Үндістанғадағы Британ экспансиясы Маратх конфедерациясы мен Майсур князьдігі арасындағы соғыстан басталды. Нәтижесінде Батыс, Орталық және Оңтүстік Үндістанның едәуір бөлігі ағылшындарға өтті.
Үндістандағы Британдық Ост-Үнді компаниясының экспансиясы
Достарыңызбен бөлісу: |