Сабақ тақырыбы Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? 2-сабақ. Оқу


Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? 1-сабақ



бет6/9
Дата29.09.2022
өлшемі44.19 Kb.
#461638
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. ДЖТ 7-кл. XVIII ғ Үндістан. Жауаптары

Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды? 1-сабақ
Үндістан – еуропалықтар «Ғажайыптар елі» деп атаған ежелгі мәдениеттің отаны. XVI ғасырда әйгілі Әмір-Темірдің немересі Бабыр Үндістанның солтүстігінде Ұлы Моғолдар империясын құрды. Ел халқы негізінен ислам мен индуизмді ұстанатын түрлі этностардан тұрды.Ұлы Моғолдар империясы дін және тіл жағынан бір-бірінен ерекшеленетін түрлі этностардан тұрды. Ол 1526-1858 жылдары өмір сүрген. Бабырдың мұрагерлері – Акбар мен Джахангир падишахтар табысты соғыс жүргізіп, империяның шекарасын кеңейтті. Шах Жахан – 1628 – 1658 жылдары ұлы Моғол империясының билеушісі болған.Ол – Бабыр, Хумаюн, Акбар және Жаһангирден кейінгі бесінші билеуші. Шах Жаһан билік еткен жылдар моғолдардың сәулет өнеріндегі «алтын ғасыры» болды. Тарихта аса танымал ескеркіштердің көбін сол салдырған.1632-1653 жылдары салынған Тәж-Махал кесенесі – соның бірі.
Кесене әлемнің жаңа ғажайыптарының бірі саналды және Үндістан билеушілерінің байлық деңгейін көрсетті. Еуропа көпестерін Үндістанның түрлі өнімдері қызықтырды. Әсіресе, 30-дан астам түрі бар үнді тоқымасы өз заманында әлемге танымал болды. Тиімді сауда қажеттілігі Үндістанға теңіз жолын іздеуді ынталандырды. Бұл жолды алғаш рет XV ғасырдың соңында португал теңізшісі Васко да Гама ашты. 1510 жылы португалдықтар Үндістандағы алғашқы елді мекенді құрды. Осы уақыттан бастап еуропалықтардың Үндістандағы саудаға бақылауды кезең-кезеңмен орнатуы басталады. Кейбір еуропалық мемлекеттер елдегі өз позициясын нығайту үшін жергілікті билеушілердің қақтығыстарына араласатын Ост-Үнді сауда компаниясын құрды.
Үндістанға тереңірек енуін Ост-Үнді компаниялары (негізінен француз және британдық) жергілікті халықтың жалдамалы сарбаздарының көмегімен жүзеге асырды.
XVIII ғ. Үндістан феодалдық ел болды.Үндістанда феодалдық құрылыстың сақталуы мен нығаюына төмендегі жағдайлар ықпал етті:

  • бір әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуға мүмкіндік бермейтін каст жүйесінің (брахман, кшатрия, вайшья, шудра) болуы;

  • ауылдық қауымның болуы және мемлекеттік жер иелену.

1707 жылы Аурангзеб падишахтың өлімінен кейін үнді халқы (сикхи, Маратх конфедерациясы, Майсур князьдігі) мен отарлаушылар арасында Үндістанды билеу үшін күрес басталады. XVIII ғасырдың ортасында Британдық Ост-Үнді компаниясы барлық еуропалық бәсекелестерді ығыстырып, Үндістанды толық отарлай бастады. Ағылшындар барынша жер салығын алып тастады ал үнді шаруалары мен қолөнершілерінде ұтымды шаруашылық жүргізу үшін қаражат болмады. Осы тұста ағылшындар үнді қоғамының әлеуметтік құрылымын өзгертуге тырысты. Құрылымдалған салық салу үшін адамдар әртүрлі облыстар мен провинциялар арасында сирек қатынайтындай етіп жасау керек еді. Үндістандықтарды жергілікті жерде бекіту үшін ағылшындар касталық тиістілігі көрсетілген санақ жүргізді. Осылайша ол заңнамалық деңгейде бекітілді.
Отарлаушылар бірқатар заңдар арқылы барлық үндістандықтардың теңдігін жариялады, бірақ Үндістандағы отарлық мемлекеттік-әкімшілік аппараттың практикалық қызметі касталық жүйе құрылысын бекітуге бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет