Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»


ХБЕС сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс



бет36/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

2. ХБЕС сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. «тауарлы-материалдық қорлар» есебі БЕС№7 сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар т.б кіреді.
№7 БЕС тауарлы материалдық қорларды өткізудің таза құны іс-әрекет барысында көзделетін сатуы алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу кезінде нақты қүны немесе есептік баға бойынша көрсетіледі. Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарынан және сатып алу бағасынан құралады. Егер материалдарды есептеу келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары қосылып шығарылады.
Кәсіпорын «материалдар» бөлімшесінің шоттарында есепке алған қорлардың әртүрлі сипаттары мен нысаналары болады. Оларды есепке алу осы сипаттарына біршама байланысты болып келеді.
Тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін, олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі.
Түгендеу комиссиясы тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу тізімі тауарлы материалдық нақты қолда барын көрсетеді. Тауарлы материалдық құндылықтар түгендеу тізіміне жеке атау бойынша номенклатуралық номер, түрі, атауы, сорты және саны көрсетіледі. Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, оны тізімге енгізеді. Түгендеу кезінде тауарлы материалдық құндылықтардың бір түрінен екінші түрге ауысуына жол берілмейді.
Түгендеу нәтижелерін бухгалтерияда мынадай тәртіппен реттейді:
-артық қалдықтар менжетіспеушіліктердің өзара есебі
-артық болып шыққан құндылықтар кірістелуі тиіс және оларды пайдалану себептері мен кінәлі тұлғаларды анықтау;
-табиғи кемуінің нормалары салдарынан нормалардың шегінде материалдық құндылықтардың жетіспеушілігін өндіріс қалдықтарына жатқызу;

2. Есеп беруде тауарлы-материалдық запастарды ашып көрсету. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде: тауарлы-материалдық запастарын бағалау үшін қабылданған есеп саясатын, тауарлы-материалдық запастарының жіктемесі бойынша баланстық құнын, егер де тауарлы-материалдық запастардың өзіндік құны «Лифо» әдісімен анықталатын болса, онда олардың ең аз сомасымен және балансы бойынша арасындағы айырмашылығын ашып көрсетеді. «Фифо» әдісінің немесе орташа таза құнынығ нәтижесін ТМҚ сатылған өзіндік құнын, жыл соңындағы міндеттемелер үшін кепілдік ретінде қойылған ТМҚ баланстық құнын т.б. мәліметтерін ашып көрсетуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет