II. Мерзімді еңбек ақы- нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелінетін жалақы нысанын айтады.
Жүйелері:
Жай мерзімдік жүйесі.
Сыйақылы мерзімдік жүйесі.
Мерзімдік енбекақыда жұмыс істеуші тұлғаға бір айдағы барлық жұмыс күндерін істегені үшін толық төленетін қызметақы ( тарифтік мөлшерлеме) тағайындалады; егер Жұмыс кундерін толық істемесе,оған еңбекақы нақты істеген уақыты бойынша төленеді. Бұл жүйе негізінде қызметкерлердің еңбекақысында қолданылады.
Егер мезгілдік еңбекақыдағы жұмысшы техникалық процесске қатыспаса немесе жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегі кесімді еңбекақыдағы жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі бойынша (бұйрыққа сәйкес) төленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 6өшы ақпанындағы № 170 «Қазақстан Республикасында еңбекақышы ұйымдастыруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі 1997 жылдың 13-ші ақпанында бекіткен Қаулыны қолдану бойынша Түсініктемелерге сәйкес ұжымдық келісімшартты бекіту барысындағы меншік түріне қарамастан материалдық салаларды ұйымдастыруда қабылданған салалық және аймақтық келісімдерде еңбекақы қорының шегінен аспайтындай етіп тарифтік мөлшерлемелерді, үстеме ақылар мен қосымша ақыларды көтеруге болады.
Тарифтік мөлшерлемені көтеру осы мақсатқа арналған қолма-қол қаражат есебінен бір мезгілде барлық қызметкерлер үшін іс жүзінде асырылады.
Өнеркәсіптерде еңбектің саны мен сапасы ескерілетін мерзімдік-сыйақылық еңбекақы жүйесі кеңінен тараған. Бұл жүйені қолдану барысында жұмысшының жауапкершілігі мен жеке материалдық мудделілігі артады. Жұмысшыға сыйлықақы уақытты үнемдегені үшін, жұмысшылардың және жабдықтардың жұмыс істемей бос тұрып қалғанын азайтқаны және жойғаны үшін, машиналарды, агрегаттарды,цехтарды апатқа ұрындырмағаны үшін, материалдарды үнемдегені үшін беріледі. Сыйлық пен сыйлықақы көлемі кәсіпорындарда (ұжымдарда) әзірленген сыйлықақы беру туралы Ережемен анықталады.
Сондай-ақ, бұл жүйеде жұмысшыларға нақты істеген уақыты үшін жай мерзімдік еңбекақы төленеді. Алайда, жұмысшыларға нақты істеген уақыттары үшін есептелетін еңбекақыларына процентінде белгіленетін қосымша сыйлықақы беріледі.
Сыйлықақы көлемі жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың сараланған (дифференцирование) мамандықтары мен топтары бойынша белгіленеді.
Жұмыстың негізгі нәтижесі үшін жұмысшыларға сыйлықақы еңбекақы қорынан мына көрсеткіштер (шарттар) бойынша беріледі:
өндірістік тапсырманы орындау және асыра орындау;
өндірушіліктің, өнімділіктің, бұйымның еңбек сыйымдылығын төмендетудің, өнімділіктің жаңа нормасын игерудің (уақыты мен қызмет етуінде) артуы;
бөлім жұмысының түпкі нәтижесін жақсарту.
«Сыйлықақы туралы ережені» субъект дербес әзірлейді. Егер материалдарды үнемдеу барлық бөлімдер бойынша тұтас анықталса, онда сыйлықақының жалпы сомасы мерзімдік еңбекақыға сәйкес жұмысшыларға таратылады. Мерзімдік сыйлықақы тұтас кәсіпорын мен бөлімдердің жалпы, сандық жұмыс көрсеткіштері үшін есептеледі. Сыйлықақы көлемі кәсіпорын мен бөлімдер бойынша тұтас белгіленеді. Ал, сыйлық нақты мерзімдік еңбекақы бойынша есептеледі.
Қызметкерлер еңбекақыны есептік кезеңдегі жұмыс істеген күндерінің санына байланысты белгіленген қызметақы бойынша алады. Олардың сыйлықақысы кәсіпорын жұмысшысының жалпы өндірістік көрсеткіштеріне қарай белгіленеді.
Қазақстан Республикасында кез –келген халықшаруашылықтың саласы еңбек төлемін 1999 жылы 24-ші желтоқсанда қабылданып, 2000 жылы 1-ші қаңтарда күшіне еңген « Еңбек туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Тариф мөлшерінің және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының минималды деңгейін және біріңғай тариф сеткасын пайдаланылады.
Біріңғай тариф еңбек ақының 21 разрядының денгейінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тарифтік коэффиценті белгіленеді:
1-8 разряд аралығында – жұмысшылар, 2 – 21 разряд аралығында –қызметкерлер үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |