Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»



бет9/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

3. Түгендеу дегеніміз- белгілі бір мерзімге, ақша қаражаттарының нақты бар болуын айқындау тәсілі. Кассаны түгендеу кезінде кассадағы барлық ақша қаражаттарын толығымен қайтадан санау жолымен нақты ақшалардың болуын тексереді. Кассадағы ақша қаражаттарының жетіспеушілігі немесе артықшылығы анықталған кезде актіде артықшылық немесе кемшілік сомасын көрсетіп олардың туындау себептері анықталады.
Кассада түгендеу №2 ҚЕҰС сай: ұйым басшысының өкімімен, бақылаушы органдардың тапсырысымен, материалды-жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде, табиғат апатынан, ұйым жабылғанда кейін жүргізіледі.
Түгендеуді тексерілетін құндылықтарға жауап беретін жауапты тұлға болып тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді.
Түгендеу жүргізу мерзімділігі, жиілігі, түгендеу комиссиясының құрамы әрбір шаруашылық жүргізуші субъекті есеп саясатынада бекітіледі.
Кассада түгендеу жүргізу тәртібі:

  1. Кассаға мөрі бар қағаз жабыстырылып, кілт кассирде, ал мөртабан текссерушіде қалады.

  2. Кассир түгендеу комиссиясының көзінше кассалық есепті құрып, барлық кіріс және шығыс ордерлер тіркелгендігі туралы қолхат жазады.

  3. Кассалық есепке бас бухгалтер қолын қояды.

  4. Кассадағы ақша қаражаттарын купюра бойынша толық санайды.

  5. Кассадағы нақты ақшаны бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырады.

  6. Сонымен қатар түгендеу комиссиясы кассаның дұрыс жабдықталуын тексеріп, заң бұзушылық анықталса, түгендеу актісінде көрсетеді.

  7. Түгендеу нәтижесін актіге тіркеп, ол 3 данада біруі бухгалтерияға, екіншісі кассирде және үшіншісі түгендеу комиссиясының төрағасында қалады.

  8. Егер жетіспеушілік анықталса кассирден жазбаша түсініктеме хат алынып, басшыға айтылады және кассирді түгендеу аяқталғанға дейін жұмыстан босатып, тексеру органдарына іс жүргізеді.

  9. Түгендеу аяқталғанна кейін түгендеу комиссиясы түгендеу актісі негізінде есеп құрып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолын қойып, бас бухгалтерге береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет