2. Бағалы қағаздар жалпы екі түрге бөлінеді:
1) Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғанын білдіреді. М/ы: вексельдер, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жыл уақыт аралығында қолданылады.
2) Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдарды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе арттыру мақсатында шығарылады. М/ы: акция, облигация жатады.
Инвестиция өзінің арнаулы мақсаты бойынша:
Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық -өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестиция – бұл субьектінің табыс алу мақсатында пайдаланылатын активті, инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар.
Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестициялардың бір түрі болып бағалы қағаздар саналады. Барлық бағалы қағаздар 2 топқа жіктеледі:
Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақашлай түрде етіп ресімделеді. Оларға вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттары және т.б. жатады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар бойынша бөлінеді:
Бағалы қағаздар ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін бірақ олардың иелерін теңестіруді талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды.
Атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі.
Ордерлік бағалы қағаздар – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |