Сабақ тақырыбы: «Ағымдағы банктік шотының операциялары есебі»



бет7/44
Дата08.04.2024
өлшемі0.58 Mb.
#497966
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
«Қаржылық есеп» пәнінен дәріс материалдары

2. Бағамдық айырма - бұл шетелдік валютаның бір ғана бірлігін бағам (курстық) өзгерісі кезінде бухгалтерлік есептің жүйесі мен қаржылық есептемеде көрсету нәтижесінде туындайтын айырма.
Бағамдық айырма туындайтын жағдайлар:
А) импорттық операциялар кезінде тауарларды кедендік ресімдеу мен жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық немесе кредиторлық берешектерді қосымша бағалау немесе бағасын кеміту жолымен олар үшін ақша қаражаттарын аудару күндерінің арасында келісімшарттық құнның ұлттық валютадағы өзгерісі. Субъект 2000АҚШ долларына шикізат сатып алған, кедендік ресімдеу құнындағы бағам 1 доллар үшін 122 теңге болған кезде сомасы 244 000теңге құраған Д 1310 К3310 – 244 000теңге. Төлем күніндегі төлем бағамы – 170 теңге Д 3310 К 1032 – 340 000тенге (2000*170). Бағамдық айырма (теріс) Д 7430 К 3310 – 96000теңге.
Егер төлем күні доллар бағамы 120 теңге болса, онда Д 3310 К1032 - 240000 (2000*120). Оң бағамдық айырма болады. Д 3310 К 6200 - 4000теңге.
ә) экспорттық операциялары кезінде келісімшарттық құнның сату күні мен күндерінің арасыдағы ұлттық валютаның өзгерісі. Шетелдік сатып алушыға 5000АҚШ долларының өнімі жөнелтілді. Кедендік ресімдеудің есеп айырысу – ақша қаражаттарын жазу күн күнінде бағам 1 доллар үшін 122 теңге болған.
Бағамдық (курстық) айырма бухгалтерлік есепте:

  • егер оң курстық айырма болса №6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс»

  • егер теріс курстық айырма болса №7430 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шоттарында жүргізіледі.



Негізгі шоттар корреспонденциясы





Шаруашылық әрекеттің мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Кассадан шет ел валютасы бойынша ақша қаражаттары келіп түсті

1030

1010

2.

Сатудан шет ел валютасы бойынша жолдағы ақша қаражаттары аударылды

1032

1020

3.

Шет ел валютасында сатып алушылардан ақша қаражаттары келіп түсті

1032

1210

4.

Шет ел валютасында пайдаланылмаған есеп беру сомасы қайтарылды

1032

1251

5.

Шет ел валютасында займдар алынды

1032

3010, 4010

6.

Шет ел валютасында аванс алынды

1032

3510, 4410

7.

Кассаға шет ел валютасы бойынша ақша қаражаттары келіп түсті

1012

1032

8.

Шет ел валютасы бойынша аванстар аударылды

1610

1032

9.

Шет ел валютасы бойынша жабдықтаушыларға ақша қаражаттары аударылды

3310

1032

10.

Жалпы әкімшілік және сату бойынша шығындар шет ел валютасында өтелді

7210, 7110

1032

11.

Бағамның өзгеруінен теріс бағамдық айырмашылықтан болған шығыстар есептен шығарылды

7430

1032

12.

Бағамның өзгеруінен оң бағамдық айырмашылықтан болған түсім есепке алынды

1032

6250





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет