Курс тақырыбы 1.3.: «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер»
Сабақ тақырыбы №16: «Материалдық емес активтердің есебі»
Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан, кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. МЕА-дің түрлерінің бірі «ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады.
МЕА-дің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
«Патент» деп аталатын МЕА жеке адамның не топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады.
«Ұйымдастыру шығынына» - к\о-ды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығын, ұйымды тіркеуден өткізгені үшін төлемдер, банктерден есеп айырысу не валюталық және т.б. шот ашу үшін жұмсалған шығындар жатады.
МЕА-дің «Гудвилл» не «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп, ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, түгелдей сатып алған к езде не екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады.
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 2700 – бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір данада жасалған №1 нысанындағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде» көрсетіледі.
Актіде мыналар көрсетіледі:
Материалдық емес активтердің дәл атауы
Кәсіпорынға өткізілген күні
Объектінің сипаттамасы
Бастапқы құны
Амортизация нормасы
Материалдық емес активтер басқа кәсіпорынға табыс етілгенде акт өткізуші және қабылдаушы кәсіпорынға екі данада жасалады. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:
Материалдық емес активтердің атауы;
Ай басындағы және соңындағы қалдықтар;
Ай ішіндегі қозғалысы
Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограмма жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |