3. ФИФО әдісі (бірінше сатып алу бағасы бойынша қорларды бағалау әдісі) бойынша бар материалдық құндылықтарда бағалау соңғы сатып алу құны бойынша есепті кезеңге бағалауды түсіндіреді, сл сатылған құны неғұрлым ерте сатып алуларға қатысты.
Мысалы, бар 220 бірлік ТМҚ-дан:
70 бірлік 20.10 х 130 = 9 100
150 бірлік 25.10 х 140 =21 100
жиыны 30 100
осыдан апарылған ТМҚ құны құрайды:
62 500 - 30100 = 32 400.
ФИФО әдісін пайдалану тиімділігі есепті кезеңнің аяғына материалдық қорлар соңғы сатып алу бағасы бойынша бағаланады, ал сатылған өнім құнына бірінші сатып алу бағасы қолданылады.
Бағаның өсуі кезінде ФИФО әдісі мүмкін болатын таза табыстың неғұрлым жоғары деңгейін береді. Сәйкесінше, бағаның төмендеуі кезінде кері процесс байқалады.
Курс тақырыбы 1.4.: «Тауарлы-материалдық қорлар есебі»
Cабақ тақырыбы №24: «Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу және бағалау»
?1. Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу жүргізу тәртібі
?2. Тауарлы-материалдық құндылықтарды қайта бағалау
1. Тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу-меншіктің сақталуын, құндылықтардың сапалы күйін олардың қоймалық және бухгалтерлік есепке алынуын қамтамасыз ететін бақылаудың бір тәсілі. Осы меншік нысанына қызмет түріне және жұмыстың режиміне қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда жүргізеді. Түгендеу комиссиясы тауарлы материалдық құнылықтардың нақты қолда барын баұылап, түгендеу тізімін жасайды. Түгендеу басталмас бұрын әрбір материалдық жағынан жауапты тұлғадан қолхат алынады, қосымша әрбір жеке атау бойынша номенклатуралық номер, түрі, тобы, сорты, саны т.б көрсетіледі.
Егер кем шыққан материалдар түгендеу барысында табылса, онда оны тізімге енгізеді.
Белгіленген тәртіппен рәсімделгеннен кейін түгендеу тізімін салыстыру тізімімен салыстыру үшін бухгалтерияға береді.
Түгендеу кезінде келіп түскен материалдар «түгендеу кезінде келіп түскен тауарлы-материалдық құныдылықтар» деген атауымен жеке тізімге жазылады.
Тізімде олар қашан түскені, кіріс құжаттардың нөмірі, күні, атауы т.б сомасы көрсетіледі. Түгендеу кезінде анықталған жарамсық немесе бүлінген материалдармен дайын өнімге тиісті актілер жасалынады. Түгендеу ұзақ уақыт бойы жүргізілген кезде, ерекше жағдайларда және кәсіпорын басшысымен бухгалтерияның жазбаша рқұсатымен ғана түгендеу процесстерінде тауарлы-материалдық қорларды материалды жауапты тұлға түгендеу комиссиясының мөлшерін өзінен босата алады. Шығыс құжаттарында түгендеу комиссиясы төрағасының қолы қойылып, белгі соғылады. Түгендеу нәтижелерін бухгалтерияда мынадай тіртіппен реттейді:
артық қалдықтары мен жетіспеушіліктердің өзара есебі
артық болып шыққан құндылықтар кірістелуі тиіс және олардың пайда болу себебі мен кінәлі тұлғалары анықталады;
Артылып қалған құныдылқтардың сомасынан материалдар бөлімшесінің шоттары дебеттеліп, негізгі қызмет еместерден алынатын табыстары кредиттеледі.
Құндылықтардың жетіспеушілігі, зияны мен бүлінуі сомасынан басқа дебиторлық қарыздар шотының құндылықтарының бүлінуінен болған жетіспеушіліктер мен зиян деген аралық шот дебеттеліп, материалдар шоты кредиттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |