Сабақ тақырыбы: Антика мәдениеті Сабақ мақсаты



бет7/11
Дата21.09.2023
өлшемі66.77 Kb.
#478096
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
user file 5d009fb722510

Бекіту сұрақтары:
1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?
2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?
3. Ренессанс өкілдерін ата?
4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?
5. Ағартушылық қай елден бастау алды?
6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?

VII Қорытынды (5 мин). Бүгінгіөтілгентақырыптытүсінгенболсаңдар, тақырыпмазмұнынайтаотырып, өтілгентақырыптарбойыншасұрақтарқою.
VIII.Үйгетапсырма:Өтілгентақырыптыоқыпкелу,қосымша лекция жазу.

Оқытушы: Утепова Н.
Пәні : Мәдениеттану
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік: Ортағасырлық араб- парсы мәдениеті туралы түсінік айту
2.Дамытушылық: Студенттерді пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;
3.Тәрбиелік:Оқушылардың Қазақстан мәдениетін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: философия, тарих,әдебиет
Сабақтың көрнекілігі:оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд
Сабақ жүрісі:
I.Ұйымдастыру кезеңі( 5 мин)Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі( 25мин)
Еуропалық қайта өрлеу Жаңа заман кезеңіндегі мәдениет
III.Үй тапсырмасын бекіту (5 мин)
1. Жаңа заман кезеңіне тән ерекшеліктерді ата?
2. Қайта өркендеу дәуірі қай уақыт, ерекшелігі?
3. Ренессанс өкілдерін ата?
4 . Реформация дәуірінің маңызы қандай?
5. Ағартушылық қай елден бастау алды?
6. Өнердегі негізгі ағымдарды ата?

IY.Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға,меңгеруге студенттерді әзірлеу кезеңі ( 10 мин) арнайы даптерлері мен оқу құралдарын тексеру.Сабаққа дайындығын қадағалау.
V Жаңа сабақ
1. Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.
2. Исламды қабылдаушы елдердің рухани және материалдық мәдениеттеріндегі ерекшеліктер.
3. Парсы мәдениетінің құндылықтары.
4. Араб парсы мәдениетінің қазақ мәдениетіне тигізген әсері.
5.Ортағасырлық араб мәдениеті мен ислам.Омар Хаям,Сағди,Хафиз,Низами,Руми дастандары.
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі.Оның әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей, қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын.
Арабтар Орта Азия жерін 712 жылдан бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро-еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына мүмкіндік туды.Ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды. Мұсылмандық мәдениет көп ұлтты. Рационалдылық Х-ХІІ ғғ.Аль Фараби, Ибн Баджжа, Ибн Сина, Ибн Рошд сияқты ұлы араб философтарының аттарымен философиялық ойдың ең күшті ағымына айналды.
Мұсылмандық көркем әдебиет пен поэзияның дамуы философиямен және ғылыммен ұштасып табиғи байланысқан.Көптеген ойшылдар тамаша ақын, жазушы ретінде атағы шыққан.Ибн Туфейл,Омар Хайям, Фирдоуси, Низами, Руми сияқты мұсылмандық Шығыс ақындары өлместей әлемдік даңққа ие болды.
Қазіргі уақыттары мұсылмандық елдерде діннің мемлекеттен бөлінуі байқалады. Алайда қазірге дейін исламды ресми түрде мемлекеттік дін деп есептейтін 30 шақты мұсылмандық елдер бар.
Араб философиясының пайда болуы каламарационалды діни ғылымның алғашқы өкілдері – мутазилиттердің («жекеленгендер») қызметімен байланысты. ІХ ғ. арабтар антиканың ғылыми-жаратылыстану немесе философиялық мұрасымен кең танысады. Аристотель философиясы басты назарда болады. «Неоплатондалған» аристотелизм орта ғасырлық араб философиясы – «шығыс перипатетизмінің» басты бағыты ілімінің негізі болды. Осы бағыттың негізін қалаушы араб философы, астрологы, математик және дәрігер әл-Кинди болды. Шығыс перипатетизмнің әрі қарай дамуы әл-Фараби және Ибн Сина есімдерімен байланысты.
Әл Фараби (870, Фараб – 950, Дамаск) - Шығыс философы, ғалым-энциклопедисті, шығыс аристотелизмінің ірі өкілі. Халеб пен Бағдат қалаларында философиялық және ғылыми білім алған. Фараби философиясының негізі – Біртұтастан жеке заттардың шығуы, эманация туралы неоплатондық іліммен аристотелизмнің үйлесімі. Әлеуметтік-этикалық трактаттарында Фараби діни қауым көшбасшысы, билеуші-философ басқаратын «рақымшыл қала» туралы ілімді дамытты. Фараби идеалды құрылысқа теріс адамгершілік қасиеттерді көрсететін «мәдениетсіз қаланы» қарсы қояды.
Фараби Аристотель (осыдан оның «Екінші ұстаз» атты құрметті атауы шыққан) мен Платон шығармаларына берілген комментарийлердің авторы. Фарабидің «Музыка туралы үлкен трактаты» - Шығыс музыкасы мен ежелгі грек музыка жүйесі туралы деректердің маңызды көзі. Фараби Ибн Синға, Ибн Баджуға, Ибн Туфаилға, Ибн Рушдаға, және де ортағасырлық Батыс Европаның философиясы мен ғылымына әсер етті.
Орта ғасырдағы атақты ғалым тәжік философы, дәрігер, жаратылыс тану ғылымдарын жетік меңгерген, ақын және белгілі музыка танушы – Абу Әли Ибн Сина (Батыс Европада Авиценна деп атаған, 900-1037 ж.ж.). Ибн Сина әлемдік мәдениет тарихында белгілі орын алады. Философиялық шығармаларының ішінде ең белгілісі - "Китаб-аш-шифа" («Сауығу кітабы»). Ибн Сина философ-рационолист болған. Ол тәжірибеге, шындықты фактілермен, практикамен сынап тексеруге үлкен мән берді. Ол антика философтарының көзқарастарын дамытты, оның прогрессивті көзқарастары ислам қағидаларына қайшы келді және мұсылман дінбасыларының орынсыз шабуылдарын тудырды.
Араб философиясының әрі қарай дамуы Ибн Баджу, Ибн Туфаиль және Ибн Рушд есімдерімен байланысты, олардың шығармашылығы араб философиясының шыңы болды.Сол кезеңнің ең белгілі сәулет ескерткіштері Фустаттағы Амра мешіті мен VII-VIII ғ.ғ. салынған, Куфадағы собор мешіті. Осы кезеңде мозайкамен және әр түрлі мәрмәр таспен өңделген Дамаскідегі «Құз күмбезі» храмы салынды. Кейіннен мешіттерді әсем өсімдік және геометриялық өрнектермен безендіре бастады, оған стильденген жазу- араб вязі қосылды. Мұндай өрнекті европалықтар арабеска деп атаған, ол өрнектің шексіз дамуы мен ырғақты қайталануы принципі бойынша құрылды.
Орта ғасырлық араб мәдениетінде поэзия мен проза тығыз байланысты болды: өлеңдер табиғи түрде махаббат жырларында да, медициналық трактаттар мен батырлар жырларында да кездеседі. Халифтар, сұлтандар, шахтар өзіне сарай ақындарын алу үшін қаражаттарын аямады. Поэзияны олар өзін-өзі таныту, мадақтау құралы ретінде қарады. Бұл жағынан ұлы парсы ақыны, «Шах-намэ» («Патшалар кітабы») өшпес эпопеясын жазған Фирдоуси (993-1030 ж.ж.) шығармашылығы белгілі. Мұнда ол иранның мифтік және тарихи патшаларын жырға қосқан. Ең басты кейіпкер - өз халқының ұлы, эпикалық қаһарман Рустам. Поэма әділдік пен ізгілік идеяларына толы.
X-XV ғ.ғ. әлемге танымал араб халық ертегісі «Мың бір түн» жазылды. Оның негізін парсы, үнді, грек ертегілерінің қайта өңделген сюжеттері құрады.
Парсы ақыны, математик, философ Омар Хайямның (1040-1123 ж.ж.) шығармашылығы көпшілікке белгілі. Философиялық төрт жол өлең – рубаилар оны танымал етті, оның әрқайсысы тұлға еркіндігіне, антиклерикальды еркін ойға, гедондық мотивтерге толы кішкене поэма. Поэзияның әрі қарай дамуы парсы-тәжік ақыны Низами, Джами (1414-1492 ж.ж.) және өзбек әдебиетінің негізін қалаушы Әлішер Навои (1441-1501 ж.ж.) есімдерімен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет