Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
10мин
|
Жағымды орта қалыптастыру.
Б.. шаттық шеңберін құру
Сәлемдесу-амандасу /жалпы қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын ойындардың атын айту арқылы және бірінің айтқанын қайталамауға тиіс деген талап қоя оқушылардың зейінін шоғырландыру/.
Ж.Бой жазу жаттығулары .Әр оқушы әр түрлі қайталанбайтын жаттығуларды орындайды.
|
Кең спорт алаң
ысқырық
Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық.
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
(Б, Т,Ф) «Құрбақаны ұста». Барлық ойыншылар (шектелген алаңда) алға қойылған қолдарды тіреп, тізерлеп тұру күйіне келеді. Осы күйде алаң шегінен тысқары екі жүргізуші тұрады. Олар сигнал бойынша алаңда «құрбақаша» (кезекпен қолды және аяқты тіреу арқылы) секіреді және осылайша жылжу арқылы ойыншыға жақындауға және олардың ішінен біреуін ұстап алуға тырысады. Олар «құрбақа» болып қаша алады.Ешкімгеойынбарысында қолдарын еденнен алып, жүресінен отыруға рұқсат етілмейді. Алға немесе артқаекі аяқ немесе қол арқылы секіріп, жылжуға болады. Жүргізуші ұстап алған кез келген оқушы жаңа «құрбақа» болады және басқа ойыншыларды ұстауғакіріседі.Соңғыұсталған ойыншы жеңімпаз болады.
Б, Т, Ф) «Қолмен хоккей». Ойынға арналған алаң волейбол алаңынан аспайды. Әр топтағы 5—б ойыншылар жер арқылы қолмен итеріп, кішігірім
допты береді. Ойынның мақсаты — допты беру немесе жеке әрекеттер арқылы қарсыластың жағына беткі
сызыққа қарай жылжу және допты осы сызыққа домалатып шығару. Топтың сәтті әрекеттері үшін бір ұпай беріледі.
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия
Негізгі дене қозғалыстарын сипаттайды;
Қарапайым жаттығуларын атайды;
Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларынның байланысын түсіндіреді
өздері бір бірін бағалайды; «бас бармақ»тәсілі бойынша
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |