Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі.Қысқа қашықтыққа жүгіру Оқу мақсаттары



бет157/327
Дата29.11.2023
өлшемі0.83 Mb.
#484789
түріСабақ
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   327
4-сын қмж дш

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5. Шаңғы/кросс/коньки даярлық негіздері

Мектеп: Қадырғали Жалайыр атындағы №6 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Канапия Б.А

Сынып:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Аэробикалық жаттығудың пайдасы

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушылар дене жаттығуларын шебер орындау үшін өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсінеді.
Көбі: Білім алушылар дене жаттығуларын шебер орындау үшін өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсінеді.,көрсетеді.
Кейбірі: Білім алушылар дене жаттығуларын шебер орындау үшін өздерінің күшті және әлсіз жақтарын түсінеді.,көрсетеді және анықтап салыстырады.

Жетістік критерийлері

Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды.

Тілдік мақсаттар



Физикалық қасиеттер, денсаулық, жаттығу, жүрек соғу жилігін жоғарылату, тыныс алу,Жылжымалы сырғанау қадамы, бірқалыпты қадамсыз сырғанау, бірқалыпты екі қадамды сырғанау,жүгіріс, жылдам жүгіріп сырғанау, ақырын жүгіріп сырғанау,бұлшық еттердің жұмысы, жүрек соғысының жылдамдығы,
жылдамдық, шыдамдылық,бағыт, кеңістік,ойын, команда, ынтымақтастық

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - біріне деген адал қатынас, бөтен пікірді қабылдау және өзінің көзқарасын білдіруге тәрбилеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану,Сауат ашу,Орыс тілі,бейнелеу өнері, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон қолдану.

Бастапқы білім



Қимыл-қозғалыс жатығуларын біледі,орындайды.

Сабақ барысы
Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,
Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
10мин



Жағымды орта қалыптастыру.
Б.. шаттық шеңберін құру
Сәлемдесу-амандасу /жалпы қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын ойындардың атын айту арқылы және бірінің айтқанын қайталамауға тиіс деген талап қоя оқушылардың зейінін шоғырландыру/.
Ж.Бой жазу жаттығулары .Әр оқушы әр түрлі қайталанбайтын жаттығуларды орындайды.

Кең спорт алаң
ысқырық

Іс әркетке арналған кең алаң, ысқырық.





Сабақтың ортасы
25 мин

(Б, Т,Ф) «Құрбақаны ұста». Барлық ойыншылар (шектелген алаңда) алға қойылған қолдарды тіреп, тізерлеп тұру күйіне келеді. Осы күйде алаң шегінен тысқары екі жүргізуші тұрады. Олар сигнал бойынша алаңда «құрбақаша» (кезекпен қолды және аяқты тіреу арқылы) секіреді және осылайша жылжу арқылы ойыншыға жақындауға және олардың ішінен біреуін ұстап алуға тырысады. Олар «құрбақа» болып қаша алады.Ешкімгеойынбарысында қолдарын еденнен алып, жүресінен отыруға рұқсат етілмейді. Алға немесе артқаекі аяқ немесе қол арқылы секіріп, жылжуға болады. Жүргізуші ұстап алған кез келген оқушы жаңа «құрбақа» болады және басқа ойыншыларды ұстауғакіріседі.Соңғыұсталған ойыншы жеңімпаз болады.
Б, Т, Ф) «Қолмен хоккей». Ойынға арналған алаң волейбол алаңынан аспайды. Әр топтағы 5—б ойыншылар жер арқылы қолмен итеріп, кішігірім
допты береді. Ойынның мақсаты — допты беру немесе жеке әрекеттер арқылы қарсыластың жағына беткі
сызыққа қарай жылжу және допты осы сызыққа домалатып шығару. Топтың сәтті әрекеттері үшін бір ұпай беріледі.

Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия
Негізгі дене қозғалыстарын сипаттайды;
Қарапайым жаттығуларын атайды;
Негізгі дене қозғалыстары мен қарапайым дене жаттығуларынның байланысын түсіндіреді
өздері бір бірін бағалайды; «бас бармақ»тәсілі бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   327




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет